Өлең, жыр, ақындар

Үркер туды, сорпа ас болады

Үркер көтерілуімен байланысты аңғарылатын табиғат құбылыстары жайында ел былай дейді:

— Үркер туды, енді таң ұзара береді.

— Үркер жер бетіне шықты, қозы пісті.

— Үркер көтеріліп қалғанда, шөп те көтеріледі, бидай да бас тартады.

— Үркер көтерілгеннен кейін малдың арықтығы білінбейді.

— Үркер көтеріле саулықтың еті мен сорпасы тәтті болады, өйткені түн ұзарып, көп күйсейді.

— Үркер көтерілсе, күн қысқара береді, қозының етіне дәм кіреді.

— Үркер туды, тоқты сорпасы ас болады.

Сөйтіп бұл сөздерден мынау аңғарылады: Үркер көтерілген сайын түн ұзарып, күн қысқара береді. Өсімдік көтеріле береді, оны жеген мал семіріп, оған күй біте бастайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз