«Тіл саясаты» деп, айтқалы отырғанымыз әдеттегі ұлт тіліне, не жалпы тілдерге қатысты мемлекет ұстанып, жүргізіп отырған саясатының (принциптері мен бағыт-бағдары, үрдісі мен жүргізіп отырған іс шаралардың, т.б.) өзі емес, сол саясатқа қатысты тіл ғылымың, тілші ғалымдардың атқаратын рөлі, ұстанған өзіндік принциптері мен нақтылы іс-әрекеттері, яғни академик Ә.Қайдардың осы саясатқа тікелей араласуы. Кешегі советтік дәуірде, ғылымның партиялық принциппен, идеология үрдісімен дамыған кезінде де барша ғалымдар мемлекет ұстанған саясат бойынша зерттеу жүргізіп келгені белгілі.
Тіл саласындағы ол саясат ұлттық тілдердің еркін дамуын ұрандатып жарияласа да, іс жүзінде «өзара жақындасып барып, бір ортақ тіл төңірегінде бірігу» деген идеяны іске асыра бастады. Соның салдарына көп тілдер қоғамдық өмірден тәркіленіп, толыққанды тіл болудан қала бастаған еді. Солардың бірі – қазақ тілі болатын. Желтоқсан оқиғасынан кейін өз тіліне деген ұлт санасының сергіп, оның тағдырына қалың жұрт араласа бастады. Қазақ тілін бұл нәубеттен сақтап қалудың бірден-бір жолы оған мемлекеттік мәртебе беру керек деп түсінген қауым тіл саясатын өзгертуге әрекеттенді. Осы жалпыхалықтық әрекеттің басы-қасында кезінде акад. Ә.Қайдар және онымен пікірлес қауым болып, ол құрған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы республикада тіл саясатының қалыптасуына ықпал жасағаны мәлім. Бұлардың бәрі өз алдына тарих, әрине. Алайда осы жаңа тіл саясатының қалыптасуына академик Ә.Қайдардың тіл маманы ретінде, қоғам қайраткері, тұғыры биік азамат ретінде белсене атсалысқаны қалың жұртшылыққа белгілі.
Басқа іс-әрекеттерін айтпағанның өзінде, «тіл тағдыры – ел тағдыры» деп басталған осынау бір игілікті іске қосқан оның ғылыми үлесі де ұлан-ғайыр. Осы кейінгі (1989-2014) 25 жыл ішінде баспа бетінде жарық көрген 70-тен астам үлкендікішілі еңбек ғалымның тіл тағдыры жөніндегі әртүрлі идеялары мен ой-пікірлерінен, ұсыныс, тұжырымдарынан дерек береді. Бүгінде бұлардың біразы тарихтың аударылып кеткен парақтары іспеттес, дәл сол кездегідей актуальды болмаса да, өмір талабына, замана үрдісіне 6 сай өзгеріп, айқындалып, уақыт сынынан өтіп, жалпы тіл саясатының өзекті мәселелерін қозғаған ғылыми-практикалық негіздерінің бірі болып қалды деп айта аламыз. Бұл зерттеулер өзінің мәні мен маңызына, көлемі мен ауқымына қарай, әсіресе кейінгі 10 жылда атқарған ерлікке бергісіз ерен еңбегінің жемісі еді.
Талбитдинова Улмекен Шынгысхон кизи
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі