Үй iшiне кiргеннен кейiн Әуез де көпке дейiн үнсiз бiр орында тұрып қалды. Оң жақта сүйек төсек тұр. Одан жоғары орналастырылған кiтап шкафы, әсiресе үш iшектi домбыра Әуездiң көзiне жылы ұшырап, ыстық көрi нiп кеттi.
Төр алдында жазылған қызыл күрең кiлемнiң үстiндегi жеке-жеке қонақкөрпелер мен дөңгелек үстел Абайдың да алыста жүрмегенiн аңдатқандай сезiм құшағына бөледi. Қазiр, қазiр-ақ Абайдың:
— Нағашы, төрлетiңiз! — деген қоңыр дауысы естiлетiн сияқты.
Қатты толқуға түскен Әуез:
— Алда, қарағым, Абайжан-ай! — деп қалды.
Үлкен адамның қобалжыған күйiн аңғарған Кәрiм:
— Ау! — деп сөз аралатты, — нағыз сахараның ақ күмбезi ғой — мынауыңыз.
Көз талдыра жан-жағына қарасқандардың үнсiздiгiн әлден соң Әуез бұзды:
— Қайырлы болсын! Бiз бұдан артық не тiлеймiз, бәрiңе де рақмет!
Осылайша тiлек еткен Әуез төрге шығып, жайласқан едi.
Дариға
Өте әсерлі, жүректі толқытқан әңгіме екен! Ертай Ашықбаевтың «Абайдың шаңырағы» – Абай бабамыздың үйіне, шаңырағына кіргендегі сезімді соншалық шынайы, терең суреттеген туынды. Үй ішіне кірген Әуездің үнсіз тұрып қалуы, оң жақтағы сүйек төсек, үстіндегі кітап шкафы мен үш ішекті домбыра, төр алдындағы қызыл күрең кілем үстіндегі қонақ көрпелері мен дөңгелек үстел... Бәрі де Абайдың рухы әлі де осында, жақын жерде тұрғандай сезім береді. «Алда, қарағым, Абайжан-ай!» деген сөзі жүрекке қатты тиеді – нағыз толғаныс, құрмет, сағыныш!
Баршаңызға Абайдың шаңырағындай жылы, киелі үйде, ұлы мұрамен қоршалып өмір сүру бұйырсын! Абай бабамыздың рухына тағзым, осы әңгімені оқып, толқығаным үшін рахмет!