“Ақиқат сыйы” еңбегі - діни-философиялық рухани мұраға негізделген Ахмет Иүгінекидің орта ғасырдағы түркі тілдес халықтар әдебиетінде ерекше орын алған туындысы. Ол XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген ақын, ойшыл. Ғұмырында зағип болған ол жағдайына қарамастан жастайынан білім мен ілім алуға құмартып өскен. Түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Осының барлығы оның өзінің жолын қалыптастыруына себеп болды. Шариғат қағидаларын зерттеп, діни білімі әбден кемелденіп, ақыл ойы толықсыған шағында ислам қағитдаттары туралы өлең-жырларын жазып бастады. Оның еңбектері адамгершілік пен имандылыққа, жақсы мен жаманды ажырата алуына негіздеген. Соның ішінде ұлт тәрбиесіне баса назар аударылып, кең етек жайғаны “һибуат-ул-хақаиқ” (Ақиқат сыйы) еңбегі. Ол Ахмет Иүгінекидің айтқан барлық адамзатқа өсиетімен жинақталған. Зерттеуші ғалымдардың зерттеуі бойынша XII-XIII ғасырларда жазылған бұл туынды өзінің идеялары мен философиялық мәніне қарай, заманнан заманға әлі де өзінің маңызын жоғалтпады. Мәселен, еңбек етуде адамның әділеттілігі, білімділігі, ақыл-парасаты секілді қай уақыттың адамы болсада, өзекті болатын тақырыптар көтерілген.
“Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең” дегендей, тәрбие мен тәлім ол қай қоғам болмасын бірінші орынға қойылады. Ал тәрбие ол қоршаған орта арқылы адам болмысын қалыптастыратын мінез-дағдылары. Біздің алғашқы ортамыз ол - отбасымыз. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” деп, бізге отбасының соның ішінде ата-ананың берер тәлімі мен көрегенділігіне маңыз қойған. Себебі, баланың санасына адамгершілік құндылықтар мен жалпыға бірдей қабылданған тәрбие туралы түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ оның тәрбиесін жүзеге асыруға көмектесетін ата-ана. Осы тұста Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйы” еңбегі жас буынды тәрбиелеуге негізгі құрал болады деп сенеміз.
Айта өткендей, Ахмет Иүгінеки жастайынан ислам ілімін зерттеген. Сол себепті де, ол Ақиқат сыйы еңбегін Алланы мадақтаумен бастаған.
«Уа, Жаратушы, сені шексіз дәріптеймін.
Алдымен сенің мейірім-шапағатыңнан үміт етемін.
Саған лайық мақтау айтуға тілім жете ме?
Шамам келгенше аянбаймын, маған жәрдем бер!» [1,346]. Осы жолдар арқылы біз Жаратушыны шамасы жеткенше мадақтаған адам жақсылықтан құр қалмайды екенін түсіне аламыз. Бұлда Жаратушыны құрметтей алған адам адамзатты құрметтей алатынына тәрбиелейді. Жаратушыны сүйіп, құрметтеуді адам дүниеге бірінші келген күннен бастау керегін білеміз. Оған себеп болатын адам ол АНА. Бала бойына біткеннен бастап, анасы баласын болашақ өмірге тәрбиелеп, Жаратушыға деген махаббаты мен құштарлығын аша алуы керек. Осы үшін де “Тәрбие құрсақтан” деген сөз шыққан болар.
Ал тәрбиенің толық қалыптасуына, адам өз жолын түзу жалғастыруына қоршаған ортаның әсерінің мол екенін білеміз. Соның алғашқы бастамасы - Мектеп. Бала алғаш тәлімін ары қарай жалғастыратындай Ұстазын жолықтыруы. Ұстаз болса баланың білімі мен тәрбиесінің бірге дамуына арқау болады. Осы тұста “Ақиқат сыйы” еңбегінде автор білім мен ғылымның маңызы туралы былай деген.
«Уа, дос, өзіңді білімдіге жақын тұт.
Бақыт жолы білім арқылы білінеді.
Білім ал. Бақыт жолын ізде» [1.348].
Бақытқа жетудің жолы білімде,- деп айтуының себебі, көзі ашық, көкірегі ояу адамның жақсы мен жаманды ажырата білуінде. Және бақыт жолын біліммен байланыстырып, бізге оның өміріміздегі маңызын көрсете алды. Бүгінгі күнде білімсіз адам жоқ деген едім. Бірақ, мұндағы мәселе білім алуға дейінгі адамның турбиесінде. Себебі, “Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы” (Абу Насыр әл-Фараби).Ол адамды бақытқа жетелемейді.
«Білім кімде болса – соны ізде», [1.348] деген Ахмет атамыз білім қуған адам түбінде ғылымға келіп тірекелетінін айтты. Ғылым да, дін секілді, тазалықты қалайды. Қазіргі таңдағы ғылым саласы сын көтере алмайтын жағдайда. Соның салдарынан құнсызданып барады. Ал оған себеп болатын ол тәрбиесіз берілген білім болар деп ойлаймын. Осылайша “Білімді адам - бақытты”, “Білімді адам - қымбат динар секілді”, “Білімді әйел - ер”, ал “Білімсіз надан - құны жоқ бақыр,” “Надан еркек - әйел” деген сипаттармен білімді адамның қадірін көтеріп тұр.
Тәрбиелі, білім адам - әдепті адам. Ал “Ақиқат сыйы” еңбегінде әдептілік туралы былай делінген. «Әдептіліктің басы – аузын бағу» яғни, он күнәнің тоғызы тілден дегендей, сөйлеп отырған адам өз сөзін өзі бағып отыруды насихаттайды. Ислам діні де, қазақ тәрбиесі де, адамның әдебі ол кішіпейіл болып, жақсы сөз сөйлеуіне бұрады. Қазақта «Айтылған сөз, атылған оқ» деген мақал бар, сол айтқандай, атылған оқтың қайтып келмесі ақиқат болса, айтылған сөздің салмағы атылған оқтан бірде кем емес.
«Беталды сөйлей берме, тіліңді тый.
Тіліңнің жүгенсіздігі бір күні басыңа жетеді.
Тілін тартпаған кісіні ақылды деуге бола ма?
Тіл мен сөздің бостығы талай басты жеді.
Адамды тіліңмен өшіктірме.
Біліп қой. Тіл жарасы жазылмайды, оқ жарасы жазылады» [1.350], - деп әдепті сөйлеудің маңызына да зер тастап кеткен. Ахмет Игүнекидің тіл туралы айтқан пікірі барлық адамзатқа тәлім мен тәрбие болатыны хақ.
“Екі дүниені қос қанатыңдай тек ұста” деген ұстаным бойынша Ахмет Игүнекидің рухани баю туралы пікірінде біле аламыз. Жұмыр басты жай пенде үшін бұл дүние жалған.
«Байлық пен кедейлік Алланың ісі
Азық жоқтығын «кедейлік» - деп айтпа.
Бұл дүние мүлкінен тамақ пен киімді
Артық тілеме. Обал жүктейсің,
Пайғамбар дүниені егінжай деп айтты,
Егінжайға жаныңды салып игілі ет» [1. 351]. Адам баласы бұл дүниеге келгеннен кейін, кәдімгі диқаншы егін еккендей жан жағына шапағат нұрын шашып жүруі қажет екендігін айтты.
Тәрбиесі мен білімі, рухани әлемі байыған адамға келесі керектінің бірі ол жомарттық екенін түрте өткен. Қазақ әдебиетінде де “Атымтай жомарт” сынды теңеулер жомарт сөзін - ізгілік, мырзалық, серілік секілді ұғымдармен символикалық байланысын келтіреді. Осылайша өз еңбегінде ол жомарт адам не табады, ал сараң адам не жоғалтатынын айтады. Сонымен қатар, ол паңдық, менмендік, тәкәппарлық, көреалмаушылық секілді адамның екі өміріне де пайда әкелмейтін қасиеттеріменде таныстыра өткен.
Қорытындылай келе, Ахмет Игүнекидің жазған “Ақиқат сыйы” еңбегі адамды адамдық қасиеттерімен бірге өсуіне насихаттайды. Еңбекте айтылған “Тікен ексең, жүзім шықпайды” деген сөзі бізге “Не ексең, соны орасың” деген сөзбен байланыстырады. Бұл еңбекте айтылған барлық қасиеттер адамды жақсы өмірдің іргесін қалауына үндейді. Өмір әрқашан тәрбиеден тұрады, тұрақты өзімен жұмыс жасау мен тәрбиелеу. Себебі, адамның бойында құдай бергені нәпсі бар. Ол шайтанның азғыруымен игі амалдардан алыстатады. Сол үшінде адам өзін әрдайым Пайғамбарымыздың сүннетімен тәрбиелеп отыру керек. Сонымен қатар нәпсіні де. Автордың бұл туындысы мәңгі өлмейтін тарихи туынды. Мәңгі өзекті болмақ. Себебі, заман емес, адам өзгереді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. Т.6.; Қожа Ахмет Иассауи. Даналық кітабы. Ахмет Йүгнеки. Ақиқат сыйы/ құраст.:А.Әлібекұлы, С.Дәуітұлы, Б.Сағындықұлы. –А.: Таймас, 2008.
2. Ахмед Иүгінеки — Уикипедия (wikipedia.org)
3. Akhmet-Iuginekey.pdf (enu.kz)
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
“Дінтану және мәдениеттану” кафедрасы
“Мәдениеттану” мамандығы
Шаилда Ақбота
Жетекшісі: Кудерина Айжан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі