Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті:"Философия және саясаттану"
Кафедрасы: "Дінтану және мәдениеттану"
Орындаған: Таймас Асылжан Әзімханұлы
Жетекші: Кудерина Айжан Нұрхамитқызы
Модернизм 19 ғасырда пайда болған, ескі салт-дәстүрге қайшы келген дәуір. Модернизмнің пайда болуына философтар әрекет етті. Ең бірінші модернисттерге импрессионисттерді жатқызамыз. Модернистік бағыт әдебиеті бұл қырды «өнердегі ең үлкен революция» деп бағалайды. Өнер уақыт келе өзгереді, яғни бұл кезде діни өмір салтынан зайырлы өмір салтына көшкен кез болатын. Соған сәйкес Кандинский «өнер - өзін-өзі шындыққа шығара алатын құрал» дейді.
Шындығында өнер адамның дәуір қиыншылығына байланысты әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Өнер адамның ішкі жан дүниесінің күйі. Суретшілердің ішкі жанының қажеттілігін, бостық сезімін, қандай да бір қобалжуларынан алып шығатын, тұрып қалған дәстүрлі өнер стилдерінен бөлек жаңа идеялардың пайда болуына модернизм көмек берді. Былайша қарағанда бұл ғасыр эксперимент ғасыры болды. Негізгі модернизм дәуірінің философиясы өзін-өзі көрсету. Бұл кездің өкілдері бұрыңғы рационалдық идеялардан абсурдтық техникаға көше бастады. Модернизмнің басталуымен Қайта өрлеу дәуірі өз мәресіне жетті.
Модернизмнің келесі түрдегі ағымдары бар:
Футуризм Италияда 20 ғасырда өз бастауын алды. Футуристтер қоғамның өзгеріп, дамуына шығармалары арқылы өз үлестерін қосты. Олар болашаққа оптимистік көзқарас білдірді.
Футуристер өз шығармаларында қозғалыс пен жылдамдықты көрсетуге тырысты. Ол үшін сызықтар мен ашық түстерді қолданды. Сонымен қатар заманауи әлемнің символы ретінде көбінесе қала өмірінің қозғалысын бейнеледі. Футуристер ғылым мен технология адамдардың өмірін жақсартудың бірден-бір жолы ретінде қарады. Олар антиэстетика заңымен жүрді яғни дәстүрлі эстетикалық нормаларды жоққа шығарды.
Футуризмнің әйгілі өкілдері:
Сюрреализм Францияда пайда болды. Оның негізін қалаушы «Сюрреалистік Манифестті» шығарған Андре Бретон болып саналды. Сюрреалистердің шығармаларында хаос, мағынасы жоқ шындық, абсурдтық бейнеленеді. Олардың шығармаларында армандау әдісі өз жұмысын жасайды. Бұл стильде суреттердің шындыққа сәйкес келмейтін комбинациялары, жоғары эмоцияналдылығы қолданылады.
Танымал өкілдері:
Абстракционизм объектілері шынайы бейнелеуден бас тартатын және түсінуге қиын пішіндер мен түстерге назар аударатын стиль. Ол 1950 – 1960 жылдар аралығында өте танымал болды. Олардың пікірінше өнер шынайы өмірмен ешқандай байланысы болмауы керек деп есептеді.
Өкілдері:
Символизм 19 ғасырдың ортасында Францияда пайда болды. Символистер белгілерді өз идеялары мен ішкі жан дүниесін көрсету үшін және тылсым атмосфераны орнату үшін қолданды. Осы тәсіл арқылы символизм көрермендері суретшінің шығармасын өз бетінше ойлауға, құпиялары мен тұспалдарына сипатталады.
Өкілдері:
Экспрессионизм 19 ғасырдың аяғында Германияда пайда болды және аса танымалдылығы 20 ғасырдың онжылдығында сипатталды. Экспрессионистер өз шығармаларында эмоцияналды бейнелер жасау үшін ашық түстерді және неше түрлі бұрмаланған пішіндерді қолданды.
Ең танымал экспрессионистер:
Фовизм 20 ғасырдың басында Францияда пайда болды. Бұлар да өз шығармаларында динамикалық композициялар жасау үшін ашық түстерді қолданды, сонымен қатар қанық, жеңілдетілген пішіндерді пайдаланды.
Өкілдері:
Кубизм - 20 ғасырдың басында Пабло Пикассо мен Жорж Брак жасаған кескіндеме стилі. Кубистер геометриялық фигуралар мен жазық бейнелеуді пайдалана отырып, үш өлшемді кескіндерді жасауға ұмтылды. Ең танымал кубисттердің кейбіріне Хуан Грис, Жан Метцингер және Фернан Легер жатады.
Кубизм 20 ғасырдың басында Пабло Пикассо мен Жорж Брак жасаған кескіндеме стилі. Кубистер кескіндемелерін салуда геометриялық фигураларды қолданды.
Өкілдері:
Модернизм өнердің эволюциясына орасан зор әсер етті және сол дәуірдегі шеберлердің жұмысы заманауи көрермендердің шынайы таңданысын тудырады.
Модернизм стилі өнер эволюциясына орасан зор әсер етті. Бұл стилдің өмір сүруіне шабыттандырған дүние фотоаппарттың келуі. Суретшілер жаңа техниканың функциясын өз шығармаларында қолданды. Бірінші жағынан бұл суретшілердің наны. Олар өздерінің шығармаларын жандандыруда заманауи идеяны сәтті пайдалана алды. Бұл сонысымен суретшілердің ішкі жан дүниесін трансляциялау арқылы бүкіл әлемге танымал бола тұрып өз нанын табуға көмектесті.
#Farabi.university
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі