Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар тиграхаудтар(шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар ( хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Тарих атасы Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құдіретті еркектер», Иран жазбалары «жүйрік атты турлар» деп атаған.
Саяси тарихы
Сақтардың саяси тарихы жайында грек тарихшысы Геродот ескі бір аңызды еске түсіреді. Ол сақтармен парсы Кир әскері арасындағы соғысты баяндайды. Б.з.д. VI ғасырда сақ-массагеттердің әйел патшасы Томирис бастаған сақ әскері парсылармен қиян-кескі соғыстар жүргізеді. Нәтижесінде парсыларды жеңгеннен кейін, ол тері қапты қанмен толтырыңдар деп бұйырды, соған Кир патшаның басын салып тұрып былай дейді: «Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді тойып іш!». Міне, осы аңыздан сақтардың ержүрек жауынгер тайпалар болғанын көруге болады. Парсы патшасы Дарий I б.з.д. 519-518 ж. Жорықтарында кейбір сақ тайпаларын бағындыра алды және оларды алым — салық төлеуге мәжбүр болған жоқ. Кейін сақтардың бір бөлігі парсы әскері құрамына атты әскер ретінде қызмет етіп, грек — парсы соғыстарына қатысты. Грек тарихшысы Полиен, массагет — сақтардың парсыларға қарсы күресінің көңіл қоярлық бір оқиғасы туралы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өзімнің руластарымнан кегімді аламын деп мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардың көбі қырылып қалады. Б.з.д. IV ғасырдың басында Александр Македонскийдің(Ескендір Зұлқарнайын) басшылығымен македондық — гректер Орта Азияға баса — көктеп кірді. Оларға қарсы Орта Азия мен Қазақстан тайпалары табан тіресе қарсылық көрсетті. 3 жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македондық-гректердің Орта Азяның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындыруға шамасы келді, бірақ Сырдария сыртында өмір сүрген сақ тайпалары болса, өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Аңыздардың айтуынша Александр Македонскийдің өзі сақ жебесі тиіп жаралы болыпты. Александрдің бұйрығымен Сырдария жағасында Александрия Эсхата(шеткі Александрия) деген қала салынды. Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.д. III ғасырда селевкиттер көтерілісінен қиратылды. Сонымен қатар, сақтар өздерінің солтүтік, шығыс және батысындағы көршілерімен туыстық, саяси, шаруашылық қарым-қатынаста болды. Археологиялық қазба жұмыстары сақтардың ежелгі дүние өркениеттері – Ассирия, Бактрия, Хорезм, Қытай, Үндістанмен сауда және мәдени байланыстарының болғанын дәлелдейді.
Шаруашылығы
Сақтарлың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болды. Шаруашылықтың осындай түріне көшу, дала тайпаларының өміріндегі үлкен экономикалық прогресс болып табылады. Адам еңбегі өнімді бола бастады, өйткені шаруашылыықтың мамандандырылуы мол өнім өндіруге кеңінен мүмкіндік берді. Мал мен мал өнімдері тез арада айырбас бағаға ие болды және ол көшпелі халықтардың отырықшы өркениет орталықтарымен сауда қарым-қатынасының дамуына септігін тигізді. Сақтар мал шаруашылығының үш түрін үйлестірді: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы. Көшпелі мал шаруашылығы негізінен Батыс және Орталық Қазақстанның бір бөлік далалық аймағында дамыды. Осы аудандардың табиғи-климаттық жағдайы малшылардың жылдың әр мезгілінде көшіп-қонуын қажет етті. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен негізінен Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс және Орталық Қазақстанның бір бөлігінің далалық таулы аймақтарында, Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде айналысты. Шаруашылықтың бұл түріне малшылардың тұрақты қыстаулары мен жайлаулары болды. Отырықшы мал шаруашылығымен сақтардың аз ғана бөлігі айналысты. Негізінен Оңтүстік Қазақстанда Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендерінің бойларында дамыды. Көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда жылқы, қой, түйе, ал отырықшы аудандарда көбінесе ірі қара мал түлектерін өсірді. Сақ заманындағы жылқы екі тұқымды болды. Ең көп тараған тұқым ол тебінге әбден төзімді, жатаақ заманындағы жылқы екі тұқымды болды. Ең көп тараған тұқым ол тебінге әбден төзімді, жатаған жылқылары. Сақ жауынгері мен ақсүйектерінің қабірлерінен табылған шоқтығы биік, міністік тұқымды жылқылар ды ұшырасада. Сақтар мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен айналысты. Сақтардың қолөнері өзіне тән ерекшелігімен көзге түседі. Көшпелі тұрмыс салтына орай олар доңғалақты көлік, тері мен ағаштан ыдыстар, жебе, ақинақтар мен пышақтар т.б. заттар жасады. Сақ заманында кен ісі мен руда шикізатын өңдеу өткен дәуірмен салыстырғанды едәуір ілгеріледі. Сақ шеберлері өндірістік және шаруашылық- тұрмыстық мақсаттарға арнап алуан- түрлі бұйымдар жасады. Археологиялық табылған заттар, сақ дәуіріндегі металл индустриясының жоғарға дәрежеде дамығандығын көрсетеді.
Қоғамдық құрылыс
Алғашқы рулық қатынастардың ыдырауы процесі сақ қоғамында одан әрі жүрді. Жеке және отбасылық меншік шыға бастады. Үлкен патриархалдық отбасылар шағын туыс отбасыларға бөлшектенеді. Патриархалдық қатынастар одан әрі дамып, таптық құрылысқа өту процесі байқалды. Б.э.д. VII – III ғғ. сақ тайпалары одақтарға біріге бастады. Одақты сақ көсемдерінің кеңесі сайлаған патшалар билейді.Тайпа көсемдерін тайпа мүшелері сайлайды. Сақ қоғамы үш топқа бөлінді- әскерлер, абыздар, ру мүшелері (малшылар, егіншілер. Әр топтың өз түсі болды: әскерлер- қызыл, абыздар- ақ, ру мүшелері- сары және көк. Патша мен тайпа көсемдерін тек қана әскер тобынан сайлады. Адамзат қоғамының дамуының бұл кезеңін «әскери демократия» деп атайды. Сақ қоғамында мүлік теңсіздігі таптың айырмашылықтарға ұласа бастайтын деңгейге жетті.
Мәдениеті
Темірдің шығуы және шаруашылықтың прогрессивті түріне көшуі сақтардың мәдениетінің дамуына әсерін тигізді. Олардың көшіп-қонуы тұрмысы, басқа мәдениеттермен арақатынасы барлық көшпелі тайпаларға ортақ ерекше мәдениеттің пайда болуына әкелді. Жазба және археологиялық деректер сақтардың материалдық мәдениетінің кейбір элементтерін қайта құруға мүмкіндік туғызады. Олар киіз үйде және тұрақты тұрғын үйлерде тұрды. Бастарына төбесі шошақ бөрік, үстеріне құрамына белбеумен буылған мата көйлектер, аяқтарына тар енсіз шалбар мен саптама етік киді. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның » киімі ежелгі сақтардың шеберлілігінің жоғарғы дәрежеде дамығандығын көрсетеді. Сақ қоғамында діни нанымдары мен ғұрыпиарының негізгі бағыты ата-баба аруағына сиыну болды. Арнайы рулық зираттары болған, оған өлген адаммен қоса, оның дүние-мүлкін жерлеген. Рулық зираттар қыстаулар маңында болған. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілі болса да, осы жерге жеткізілді. Өлікті сақтау үшін, әсіресе жаз күндері, сақтар бальзамдау мен мумиялауды қолдана білген. Археологиялық материалдар, ежелгі грек-рим және деректемелер сақтарда күнге, отқа табыну болғанын дәлелдейді. Сақ заманында түр жағынан барынша өзгерген және өңделген күйде болса да онимизм, тотемизм және магия сияқты алғашқы діни ұғымдар да сақталған. Сақ өнері осы заманғы адамдарды да сүйсіндіреді. Оның басты компоненті «аң стилі» деп аталған өзінше бір үлгідегі бейнелеу формасы болды. Мынадай форма б.э.д VII-VI ғғ. Орта Азия, Қазақстан, Сібір және Шығыс Еуропаның оңтүстігі тайпаларының арасында таралғғ. Орта Азия, Қазақстан, Сібір және Шығыс Еуропаның оңтүстігі тайпаларының арасында таралған. Оның негізгі тақырыбы аңдарды, хайуандарды бейнелеу болды. Бір қызығы аңдарды тек қозғалған кезде бейнеледі. «Есік» обасынан табылған сақ ақинақ – қанжары «аң стилінде» шебер жасалған. Сақтардың қолданбалы өнерінің маңызды түрі ою-өрнек болды, ол «аң стилі» өнерімен өзара байланыста дамыды. Алайды, ою-өрнек, өнерінің ескерткіштері өте аз кездеседі, өйткені олар тері, киіз, ағаш, жүн материалдарынан жасалуына байланысты осы күнге дейін сақталмаған. Антропологтардың айтуынша, сақтардың кескін – кейпіні еуропалық нәсілдік болған. Қазақстан территориясында моңғол тектес тайпалардың сіңісуімен байланысты кейбір морфологиялық өзгерістердің болғанын аңғаруға болады. Сақтар Шығыс Иран тілдерінде және диалектерінде сөйлеген. Кейбір тарихшылар оларды түркі тілдес тайпаларға жатқызады. Сақ мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығандығын, табылған жазба ескерткіштері де дәлелдейді. Бірақ бұл жазба ескерткіштер беретін мәліметтер әлі де болса ғалымдарға беймәлім. Сонымен, I мыңжылдықтың ортасында Қазақстанның кең-байтақ даласында, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуына және шаруашылықтардың прогрессивті түріне көшуіне байланысты алғашқы қауымдық тайпаларының орнына темір дәуірінің сақ тайпалары келді. Сақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының ең жоғарғы сатысына көтерілді. Осының арқасында олар, сол уақыттағы дүниежүзілік оқиғаларға қатынасты және дүниежүзілік мәдениет тарихына айқын айтарлықтай із қалдырды.
Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу: Жуантөбе, Түгіскен, Ұйғырақ, Қарашоқы, Берікқара, Есік. Қарғалы, Бесшатыр, Алтын-эмель-2, Қадірбай-2, Қызылауыл. Шығыс Қазақстан: Берел, Катон, Күрті, Маяэмир, Құлажорға, Бать, Шілікті, Бұқтырма, Жолқұдық, Чернореченск, Боброво, Ертіс, Мнотьевка. Солтүстік Қазақстан: Берлік-2, Покровка, Бектекіс, Карлуга, Каноткел, Боғанаты. Орталық Қазақстан: Тасмола, Қарамұрын, Нұрмамбет, Жыланды. Батыс Қазақстан: Целинный 1, Сынтас, Бесоба, Нагорненский, Алебастрова 2, Лебедовка, Байте. Арал маңы: Шірік-Рабат, Баланды, Бобыш-мола.
Массагеттер туралы Страбонның айтқандары
Массагеттердің бір бөлігі тауда, екінші бөлігі жазықта, енді бір бөлігі өзен суынан болған батпақты, төртінші бөлігі- сол батпақтардағы аралдарды мекендеген дейді. Басқа өзендерден гөрі су тармақтары көп Аракс өзенібұл елді суландырып отырады дейді. Олар күнді ғана құдай деп санайды, оған құрбандыққа жылқыларын шалады. Өздері ат үстінде де, жаяу да мықты жауынгерлер, қарулы- садақ, қылыш, қалқан, мыс балта, соғыста алтын белгі байлап, жеңіне алтын таңғыштар таңады. Аралдарда тұратын массагеттер егін екпейді, сондықтан да олар өсімдік тамырларын , жабайы жемістерді қорек етеді. Олар ағаш қабығынан киім тігеді. Олардың малы жоқ, жемістерді сығып, суынан сусын дайындайды. Тауда тұратындары жабай жемістерді қорек қылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Аружан
Оте керемет сайт. Озиме керекти малиметти таптым. Коп рахмет
қайсар
Оте керемет сайт
Ақтоты
Көптен көп рахмеет
айдана
маған сақтардың жоғары және орта буынын кимдер құрады сол сұраққа жауап керек
айдана
мен керекті затты таппадым
Бердаулет
Өте керемет сайт маған ұнады.
Рысқали
Маған ұнады бұл сайт, нəн ақпараттар алдым. Көп алғыс.
айсулу.
Сактардын тауелсиздик ушин куресин таппадым. Керемет сайд .
Аяна
Мен озиме керекти малиметтерди таптым коп коп рахмет
Асылхан
Өте керемет
Асылхан
Маған өте ұнады
Аида
Өзіме керектігін таппадым !Маған керегі сақтап туралы көп адам біле бермейтін қызықты мəлімет едііі
Нұрдаулет
Өте керемет сайт.Маған ұнады.
Адаибек
Маған өте ұнады рағмет коп коп
Еркежан
Неткен керемет сайт!???? Маған қатты ұнады.Маған сақтардың түрлері керек еді.Енді оны осы сайттан таптым.Көп рахмет.
Ақниет
Керемет мəлімет
сымбат
Керемет!!
Нурай
Өтініш Сақтар туралы Геродоттың сипаттамасын беріңіздерші
Нурай
Көп рахмет. Страбонның айтқаны да керек еді.Осы сайттан таптым
Дильназ
Мен өзіме керегін таппадым.Маған сақтардың археологиялық ескерткіштер қандай жəдігерлер табылған туралы керек еді! ????
айым
керемет сайт өзіме керегін таптым менде
Жанерке
Былмеймын бырак деректеры жаксы
Алтын
Коп малимет алдым коп рахмет
Мади
Ескерткиш кай онрде орналаскан блетндер бодса айтыныздаршшы
Сайра
Оте. Керемет. Маган катты. Унады. Бул. Сайт. Бызге. Блмегнымыздын. Барлыгын. Тау ып. Берды. Осы. Сайтты. Ашкан адамга улкен. Рахмет
Сайра
Оте оте. Рахмет
жансулу
керемет билим ал сайты
Рауан
Көп көп рахмет керемет сайт екен
Аяулым
Керемет сайт Маған қатты ұнады
Ермұқан
өте жақсы сайт базар жок дерск екен
Нұрсұлу
Базар жоқ күшті