Сейіт жол үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп, шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң Сейіт жыламақ түгілі қабағын да шытпай жатыпты. Сонда сынықшы кісі:
— Қабағыңды шытпайсың, аяғың ауырмай ма? — деп сұрапты. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, сынықшыға сыбырлап айтты дейді:
— Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр. Бірақ менің жаным қиналғанын көрсе, шешем де қиналып жүдемесін деп шыдап жатырмын, — депті.
Ерсұлтан
Ұнады