Халық арасында Айгөлек ойынының екінші түрін «Ақсерек-көксерек» деп атайды. Ел ішінде көп тараған бұл ойынды жасөспірімдер мен бозбалалар, жігіттер мен бойжеткендер ашық аспан астында ойнай береді.
Ойнаушылардың өзара келісуі бойынша топ тең екіге бөлінеді. Әр топтағы жастар 20-30 адым қашықтыққа барып, қолдарын мықтап ұстап қарама-қарсы қатарға тұрады. Екі топтың да қатарының оң жақ басында топ басқарушылар тұрады. Өзара келісім бойынша топ басқарушылардың біреуі: - «Ақсерек – көксерек, бізден сізге кім керек» – дейді. Екінші топ басқарушы: - «сізден бізге бәленше керек»,- деп кез келген бір ойыншының атын атап шақырады. Шақырылған ойыншының мақсаты сол, тұрған жерінен жүгіріп шыққаннан екпіндеп келіп ағынмен ұстасып тұрған екі қолды үзіп өтуі (қай жерде, қай қолды барып үзеді – еркі өзінде) керек. Егер үзіп өтіп кетсе, онда сол екі ойыншының қай көңіліне жаққанын өз тобына алып келеді. Ал қолды үзіп өте алмай қалса, онда барған тобында қалады. Қай топ өз қарсыластарын, өз тобына бұрын қосып алса, сол топтың ұтқаны. Сөйтіп өздері күні бұрын тағайындаған жүлдені алады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі