Бұл ойынды қыс уақытында мұздың үстінде де, ал жазда тақыр жерде, таза алаңдарда да ойнауға болады. Ойынға қатысушылардың әрқайсысының өзінің басы қайқыш қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек. Ойынға 8-10 бала қатысады.
Әркім өздеріне топ ортадан қазан және шеңбер сызады. Егер ойнаушылардың саны көп болса, шеңбер де соғұрлым үлкен сызылуы қажет. Ойнаушылар щеңбердің бойымен қатарға тұрып, арасы бір-бір адымдай жерден, яғни өзінің алдынан қазан қазып, домалақ ағашын соған қояды. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос қазанды күзетіп тұрады, яғни басқа шеңбер бойындағы тұрған ойыншылардың мақсаты - әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос қазанға түсіруге тырысады, ал ортадағы бос қазанды күзетіп тұрған ойыншы басқалардың домалақ ағаштарын өзі күзетіп тұрған қазанға түсірмеуге тырысады. Егер ортадағы қазанға домалақ ағашын кім түсірсе сол екеуі бір-бірімен орындарымен ауысады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі