Он жастағы баладан отыз – қырық жастағы жігіт ағасына дейінгілер қопалы, жыңғылды жерге жиналады. Ну орман іші болса тіпті жақсы.
Әлгі жиналған топ өздерінің іштерінен бір адамды жеке шығарып алып, оны алыстау жерге таман барып бөркін немесе басқа бір белгілі затын жасыруға жібереді. Оның өзі де сол маңайда жасырынуы керек. Қалған ойыншылардың барлығы жасырынған ойыншының тыққан затын іздеуге кіріседі. Кімде кім тығылған бөрікті көріп қойып, алуға қам жасаса, онда иесі оны бермеуге тырысады. Бермеу дегенде екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, оған қай бұрын жеткені алады. Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі көріп бөрікке жібермеуге тырысады. Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсай алмайды. Қайткенде де алдап жүріп алып, оны ойын жүргізушіге ертіп келулері керек. Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да, ойнаушылардың уақыттары жеткенше қайтадан ойын жалғаса береді.
Оқуға кеңес береміз:
Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі