Ойынды 6 бала үш-үштен бөлініп ойнайды. Бір бала қолымен өзінің оң қолын білезігінен қысып ұстайды. Қарама-қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін оң қолдарымен бірін-бірі сол қолдарынан ұстайды. Үшінші бала көзі таңулы күйінде екі баланың айқасқан алақанына отырады. Қолдасып ұстаған балалар:
— «Атқаума, атқаума», — деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді. Бір бала:
— «Ақ сандық, көк сандық», — дейді. Оған көзі таңулы бала:
— «Көк сандық, көк сандық», — деп жауап береді.
— «Аспанда не бар?»
— «Жұлдыз бар».
— «Жерде не бар?»
— «Құндыз бар?»
Қаумалап келе жатқан балалар:
«Бақа, бақа, балпақ,
Басың неден жалпақ?
Бұтың неден талтақ,
Көзің неге тостақ?»
Бұған көзі таңулы бала былай жауап береді:
— «Темір телпек көп киіп,
Басып содан жалпақ.
Теуіп жауды қашырдым,
Бұтым содан талтақ.
Қарауылда көп тұрдым.
Көзім содан тостақ!».
Қаумалап тұрған екі бала:
— «Мына жерде шөл бар,
Мына жерде ел бар.
Мына жерде көл бар», — қолдарын ағытып жібереді. Отырған бала құлап түссе, айып тартады. Құламай тіке тұрып қалса, екі бала қайтадан көтеріп жүреді. Ойын осылайша әрі жалғаса береді.
Оқуға кеңес береміз:
Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі