Ресми ісқағаздар стилі — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен ісқағаздарының стилі деп те аталады.
Ресми ісқағаздардың мынадай түрлері бар:
1. Азаматтық қарым-қатынас құжаттары (сенімхат, кепілхат, келісімшарт, еңбек шарты т.б.).
2. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар (өмірбаян, түйіндеме, өтініш, мінездеме, жеделхат т.б.).
3. Басқару, ұйымдастыру құжаттары (Жарғы, үкім, жарлық, ереже, бұйрық, хаттама т.б.).
Ресми ісқағаздар стиліне тән құжаттардың тіліне белгілі бір талаптар қойылады. Олар: сөздің дәлдігі мен бірмағыналылығы, жүйелілігі, дәлелділігі, ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.
Ресми ісқағаздар стилінде жазылған мәтінге қойылатын талаптар болады.
Олар:
• лексикада — ресми құжаттар мен ісқағаздарына тікелей қатысы бар сөздерді ғана орнымен қолдану, көнерген сөздерді бейтарап, кітаби немесе әдеби сөздермен алмастыру;
• морфологияда — жалпылық мағына беретін сілтеу есімдіктерін қолданбау;
• синтаксисте — сабақтас құрмалас сөйлемдердің (себеп-салдар, мақсат, шартты бағыныңқылы) көбірек қолданылуына мүмкіндік беру;
• қыстырма сөздерді қолдануды шектеу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі