Халыққа кең таралған ойынның бірі — «Ақ терек». Ойынға қатысушылар кең, жазық алаңды жерді таңдап алады да, тең екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басқарушы сайлап алады. Екі топ ара қышықтығы 20-30 метрдей жерде бір-біріне қарсы қарап, қол ұстасып, тізбек құрып тұрады. Қай топтың бірінші болып ойын бастайтынын жеребе арқылы шешеді.
Бірінші болып ойын бастайтын топтың басшысы қарсы тұрған топтың бір ойыншысының атын атап шақырады. Аты аталаған ойыншы жүгіріп барып өзін шақырған қарсы топтың тізбегін бұзып өтуі керек. Егер ол тізбекті бұзып өтетін болса, онда бұзып өткен жердегі бір ойыншыны өзімен бірге ала кетеді. Егер бұзіп өте алмаса, онда өзі сол топқа қосылып қала береді. Ойын жалғаса береді. Енді ойынға келесі ойыншы шақырылады. Ойын бір топтың жеңісімен аяқталады. Ойын тым ұзаққа созылмас үшін уақыт белгілеуге де болады.
Оқуға кеңес береміз:
Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі