«Қасқыр қақпан» ежелгі халық ойындарының бірі. Ойын жазық көгалды алаңда, мектеп аулысында, спорт, мәдениет үйлерінің кең залдарында өткізіледі. Ойнаушылар ойын болатын жерге жиылады да, екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы — «қақпан», кіші тобы — «қасқырлар». Ойынға басқарушы тағайындалады. Басқарушы ойнаушылардың арасынан дауысы ашық, тақпақты жақсы білетін біреуіне бастауды міндеттейді, қалғандары оған қосылады.
«Қасқыр түссе қақпанға.
Ұстамасқа бола ма.
Қол ұстасып тұрайық,
Біздің қақпан болаттай.
Қасқырды тұр жолатпай,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр,
Қақпан, қақпан берік бол».
Ойынға қатынасушылар әбден бір-бірімен қол ұстасып, дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрып болғанша:
«Кәне, кәне, тұрайық —
Қасқырқақпан құрайық» —
деген өлең жолдарын қайталап айта береді. Содан соң өленнің соңғы шумағы:
«Кәне, қақпан, берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр!» —
Деген жолдарды айтып болысымен, «қақпан» болып тұрғандар бір-бірінің ұстаған қолдарын жоғарғы көтереді. Ал «қасқыр» тобындағыда арғы беттегі қораға көтерілген қолдардың астымен жүгіріп өтіп кетуге тырысады.
Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезде бастаушының «а-ап!» деген белгісімен көтерілген қолдар төмен түсіріледі. Ойнаушылар жүрелерінен отыра қалады. Сөйтіп «қақпан» жабылады. Іште қалғандар «қақпан» тобына қосылады да, «қасқырлар» азая береді. Ойын қайталанып жалғаса береді. Ойынға қатысушылар кезектесіп орын ауыстырып отырады.
Оқуға кеңес береміз:
Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі