Трилогия (грек. trі — үш, logos — сөз) — мазмұн-мағынасы, сюжеті жағынан бір-бірімен тығыз байланыста, негізгі кейіпкерлері ортақ келетін, өзара жалғасқан, тұтас үш бөлімді туынды.
Дилогияны да, трилогияны да құрайтын әр шығармада баяндалатын оқиға тиянақталып, көбінесе, негізгі кейіпкердің өміріндегі белгілі бір кезеңді қамтиды. Сондықтан бұл шығармалардың әрқайсысы өзінше аталып, жеке кітап болып та басыла береді. Әр бөлімнің жеке аттары болғанымен де, оның сюжеттік желісінде, композициялық құрылымында тұтастық болады.
Алғашқы бөлімдегі кейіпкерлер кейінгілерінде де әрекет жасап, авторлық идеяны ашуға қызмет етеді.
Қарсылық әдебиеті жалпы ХХ ғасырда Екінші дүниежүзілік соғысқа қарсылық жағдайында пайда болған антифашистік әдебиет ретінде қарастырылады.
Алайда қазақстандық зерттеушілер орыс бодандығына қарсы «Зар заман әдебиетін», сондай-ақ ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ әдебиетінің сол кезеңдегі көрнекті өкілдері Жүсіпбек Аймауытұлы мен Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын да Қарсылық әдебиетке жатқызады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі