Өлең, жыр, ақындар

"Ертегілер еліне саяхат" сценарий - 1

​ ​ ​    Бастауыш сыныптар арасында өткен   «Ертегілер елінде» атты мерекелік іс-шараның бағдарламасы:


1-жүргізуші:(Искакбек Атика)
— Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен аналар!
2-жүргізуші:(Баятова Асия)
— Қайырлы күн,​ құрметті оқушылар!
1-жүргізуші:
— «Ертегілер елінде» атты мектепішілік іс-шарамызды ашуға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:
— Кеш шымылдығын 1 «ә» сынып оқушылары «Мақта қыз бен Мысық» ертегісімен ашады!​ Сүйкімді қатысушыларымызды қол соғып, қарсы алыңыздар! Жетекшісі — Айгүл Пайызқызы!
1-жүргізуші:
— Келесі көріністі 2 «а» сыныбы ақылды, кәсіпкер «Пысық-Мысық» ертегісімен жалғастырмақ!
2-жүргізуші:
— Қарсы алыңыздар!​ Жаңа заманның кәсіпкер аңдарына тамсаныңыздар! Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай қызы.  Жетекшісі — Назерке Берікбекқызы!
1-жүргізуші:
— Біздің мектептің кішкентай балапандары,​ адасқанда қалай жол табу керектігін үйретпек!
2-жүргізуші:
— Сахнада 2 «ә» сынып оқушылары «Ақылды балапан» қойылымымен.​ Қарсы алыңыздар! Жетекшісі — Мұхамеджан Қасиет апай.
1-жүргізуші:
— Кейде кішкене жануарлардың өжеттігі,​ үлкен аңдардан да басым түсіп жатады.
2-жүргізуші:
— Осындай өжет құстың бірі — Әтеш.​ Ендеше «Әтеш пен Қоян ертегісін», 2 «в» сынып оқушыларының сахналауымен қабыл алыңыздар! Жетекшісі — Үсенова Ақбота апай.
1-жүргізуші:
— Қыздар, күндіз сендер ұйықтайсыңдар ма?
2-жүргізуші:
— Арамызда ұйқысы келмей,  еңбектеніп ұйықтайтын қыздар да бар екен?
1-жүргізуші:
— 3-«а» сынып оқушылары,  «Ұйқы іздеген Ұлпан» қойылымымен алдарыңызда! Жетекшісі  — Чавенова Перизат апай. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай апай. 
2-жүргізуші:
— Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
— Қыздар,  қалай ойлайсыздар? Біздің арамызда адал қыздар бар ма?
2-жүргізуші:
— Дұрыс айтасыздар! Адал қыздар біздің мектепте өте көп!
1-жүргізуші:
—  3 «ә» сыныбы сахналайтын «Жеңімпаз Жәмила» қойылымынан,  адал болудың қаншалықты ауыр екенін біле аласыздар?!
2-жүргізуші:
— Тамашалай отырыңыздар! Жетекшісі Нұрмұхаммед қызы Арай апай. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай апай. 
1-жүргізуші:
— Кешімізді 4 «а» сыныбының «Өз-өзіңді жақсы көр!» қойылымымен жалғастырамыз!
2-жүргізуші:
— Өзін-өзі төмен бағалайтын қыздар,  үйрене отырсын! Жетекшісі — Джанжолова Раиса апай! Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай қызы. 
1-жүргізуші:
— Қыздар,  сіздер адамдардың дауласқанын жиі көріп жүрсіздер! Ал әріптердің дауласқанын көргендеріңіз бар ма?
2-жүргізуші:
— 4 «ә» сыныбы «Әріптер дауы» қойылымымен! Қабыл алыңыздар! Жетекшісі — Сейтова Инабат апай. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай қызы. 
1-жүргізуші:
— Ертегілер елінде адамдар ғана емес, аңдар да кәсіп ашады.
2-жүргізуші:
— Ендеше 4 «б» сыныбы сахналайтын «Кәсіпкер түлкі» қойылымын бірге тамашалайық?! Жетекшісі — Джанжолова Раиса апай. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай апай.
1-жүргізуші:
— Құрметті көрермендер! Осымен «Ертегілер елінде» атты қойылымдар сайысын аяқтаймыз!  Әділ қазылар ұпай санын есептегенше,  жаңылтпаш айтудан жарыса тұрайық?!
2-жүргізуші:
— Қане,  қай сыныптың оқушылары ең көп жаңылтпаш біледі екен?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар