"Ертегілер еліне саяхат" сценарий - 1

Басты бет / Оқушы және студент жұмыстары / "Ертегілер еліне саяхат" сценарий - 1

"Ертегілер еліне саяхат" сценарий - 1 — Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз "Ертегілер еліне саяхат" сценарий - 1 бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Бастауыш сыныптар арасында өткен «Ертегілер елінде» атты мерекелік іс-шараның бағдарламасы:

1-жүргізуші:(Искакбек Атика)
— Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен аналар!
2-жүргізуші:(Баятова Асия)
— Қайырлы күн,​ құрметті оқушылар!
1-жүргізуші:
— «Ертегілер елінде» атты мектепішілік іс-шарамызды ашуға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:
— Кеш шымылдығын 1 «ә» сынып оқушылары «Мақта қыз бен Мысық» ертегісімен ашады!​ Сүйкімді қатысушыларымызды қол соғып, қарсы алыңыздар! Жетекшісі — Айгүл Пайызқызы!
1-жүргізуші:
— Келесі көріністі 2 «а» сыныбы ақылды, кәсіпкер «Пысық-Мысық» ертегісімен жалғастырмақ!
2-жүргізуші:
— Қарсы алыңыздар!​ Жаңа заманның кәсіпкер аңдарына тамсаныңыздар! Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай қызы. Жетекшісі — Назерке Берікбекқызы!
1-жүргізуші:
— Біздің мектептің кішкентай балапандары,​ адасқанда қалай жол табу керектігін үйретпек!
2-жүргізуші:
— Сахнада 2 «ә» сынып оқушылары «Ақылды балапан» қойылымымен.​ Қарсы алыңыздар! Жетекшісі — Мұхамеджан Қасиет апай.
1-жүргізуші:
— Кейде кішкене жануарлардың өжеттігі,​ үлкен аңдардан да басым түсіп жатады.
2-жүргізуші:
— Осындай өжет құстың бірі — Әтеш.​ Ендеше «Әтеш пен Қоян ертегісін», 2 «в» сынып оқушыларының сахналауымен қабыл алыңыздар! Жетекшісі — Үсенова Ақбота апай.
1-жүргізуші:
— Қыздар, күндіз сендер ұйықтайсыңдар ма?
2-жүргізуші:
— Арамызда ұйқысы келмей,  еңбектеніп ұйықтайтын қыздар да бар екен?
1-жүргізуші:
— 3-«а» сынып оқушылары,  «Ұйқы іздеген Ұлпан» қойылымымен алдарыңызда! Жетекшісі  — Чавенова Перизат апай. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай апай. 
2-жүргізуші:
— Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
— Қыздар,  қалай ойлайсыздар? Біздің арамызда адал қыздар бар ма?
2-жүргізуші:
— Дұрыс айтасыздар! Адал қыздар біздің мектепте өте көп!
1-жүргізуші:
—  3 «ә» сыныбы сахналайтын «Жеңімпаз Жәмила» қойылымынан,  адал болудың қаншалықты ауыр екенін біле аласыздар?!
2-жүргізуші:
— Тамашалай отырыңыздар! Жетекшісі Нұрмұхаммед қызы Арай апай. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай апай. 
1-жүргізуші:
— Кешімізді 4 «а» сыныбының «Өз-өзіңді жақсы көр!» қойылымымен жалғастырамыз!
2-жүргізуші:
— Өзін-өзі төмен бағалайтын қыздар, үйрене отырсын! Жетекшісі — Джанжолова Раиса апай! Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай қызы. 
1-жүргізуші:
— Қыздар, сіздер адамдардың дауласқанын жиі көріп жүрсіздер! Ал әріптердің дауласқанын көргендеріңіз бар ма?
2-жүргізуші:
— 4 «ә» сыныбы «Әріптер дауы» қойылымымен! Қабыл алыңыздар! Жетекшісі — Сейтова Инабат апай. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай қызы. 
1-жүргізуші:
— Ертегілер елінде адамдар ғана емес, аңдар да кәсіп ашады.
2-жүргізуші:
— Ендеше 4 «б» сыныбы сахналайтын «Кәсіпкер түлкі» қойылымын бірге тамашалайық?! Жетекшісі — Джанжолова Раиса апай. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай апай.
1-жүргізуші:
— Құрметті көрермендер! Осымен «Ертегілер елінде» атты қойылымдар сайысын аяқтаймыз! Әділ қазылар ұпай санын есептегенше,  жаңылтпаш айтудан жарыса тұрайық?!
2-жүргізуші:
— Қане, қай сыныптың оқушылары ең көп жаңылтпаш біледі екен?



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

"Ертегілер еліне саяхат" сценарий - 1 туралы не білуге болады?

Бұл бетте "Ертегілер еліне саяхат" сценарий - 1 тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Оқушы және студент жұмыстары бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар қойылымдар сайысы сценарийі тақырыбындағы материалдар ертегілер сайысы тақырыбындағы материалдар бастауыш сынып тақырыбындағы материалдар gumakanapia жариялаған басқа материалдар