Тұрақсыз экономикалық жағдайлар мен нарықтағы өзгерістер кәсіпкерлер үшін үлкен сынаққа айналуда. Әсіресе, инфляцияның өсуі, валюталық тұрақсыздық, шикізат бағасының құбылуы секілді факторлар бизнесті қаржылық тұрғыдан басқаруда қосымша қиындықтар туғызады. Осындай қиын кезеңде қаржылық сауаттылық кәсіпкерлерге дұрыс шешім қабылдауға және бизнесін қаржылық дағдарыстардан қорғауға көмектеседі. Ең алдымен қаржылық сауаттылық қандай ұғым ретінде қарастырылады, соны еске алсақ. Қаржылық сауаттылық – жеке ақшаңызды дұрыс басқару үшін қажетті білім мен дағдылар. Бұл қаражатты жинақтауға, тиімді жұмсауға, инвестициялауға көмектесетін қабілет. Оны дамыту арқылы адамдар дұрыс жоспарласа, алдағы уақытта қаржылық тұрақтылыққа бейімделеді.
Ең алдымен, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жүйелі және нақты жоспар қажет. Қаржылық жоспарлау кәсіпкерге табысты мен шығынды болжауға, ақшалай қаражаттарды дұрыс бөлуде көмектеседі. Жоспарланған табыс пен нақты табысты салыстырып, айырмашылықтарды талдау қажет. Бұл күтпеген жағдайларға дайын болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қаржылық төтенше жағдайлар үшін резерв қорын құру тұрақсыздық кезінде тәуекелдерді төмендетуге көмектеседі. Әдетте, компанияның 3-6 айлық шығындарын жабатын резерв жеткілікті болып саналады.
Кәсіпкерге күтпеген жағдайлардан сақтану үшін тәуекелдерді басқару стратегияларын дамыту қажет. Нарықтағы тұрақсыздықтың әсерін төмендетудің бірнеше әдісі бар: 1) Бизнесті сақтандыру – күтпеген шығындарды азайтуға көмектесетін маңызды құрал. Қажет болса, активтерді, қызметкерлерді немесе бизнестің жалпы қызметін сақтандыру мүмкіндігін қарастырыңыз. 2) Нарықтың өзгерістерін жүйелі түрде талдап, тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін сценарийлер құру. Мысалы, валюта бағамдары өзгерген жағдайда қандай шаралар қолдануға болатынын анықтаңыз.
Қарыз деген де бар, қарыз алу кейбір кәсіпкерлер үшін бизнесін дамыту немесе кеңейтуге көмектесетін маңызды құрал болуы мүмкін. Дегенмен, тұрақсыздық кезеңінде қарызды басқаруға ерекше назар аудару қажет. Қарызды төмен пайыздық мөлшерлемелермен қайта қаржыландыру мүмкіндігін қарастырса, бұл шығындарды азайтып, бизнестегі қаржылыққа жеңілдік береді. Қарыз алуды мұқият жоспарлап, тек бизнеске нақты пайда әкелетін және тұрақты табыс түсетін жобаларға ғана қаржы құю қажет. Сонымен қатар, қарыздың артықшылықтары мен кемшіліктерін жақсылап таразылап, оның тәуекелдерін толықтай бағалаған қажет.
Тұрақсыздық кезеңінде қаржылық сауаттылық кәсіпкерлер үшін маңызды құндылықтардың бірі болып табылады. Қаржылық сауатты болу арқылы кәсіпкер тәуекелдерді азайтуға, шығындарды тиімді басқаруға және табыс көздерін әртараптандыруға мүмкіндік алады. Қаржылық жоспарлау, кірістерді әртараптандыру, тәуекелдерді басқару және білім алу – бұл тұрақсыздық кезінде бизнесті сақтап қалудың негізгі қадамдары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тастанбек Камила
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі