Өлең, жыр, ақындар

Білімге құштар студенттерге шәкіртақы

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих факультетінде 23.11.2024 жылы Тұраш Қабжанқызы атындағы атаулы шәкіртақыны табыстау рәсімі өтті. Бұл шара білімге құштар жастарды қолдау, олардың оқу үлгерімін ынталандыру және қоғамның дамуына қосқан үлесін мойындау мақсатында ұйымдастырылды. 

Бұл шәкіртақы Тұраш Қабжанқызының білім мен ғылымға қосқан зор үлесін мәңгі есте сақтау және дарынды жастарды қолдау мақсатында тағайындалған. Шараға білім ордасының басшылығы, оқытушылар, студенттер және Қабжанов отбасының өкілдері қатысты. Рәсім барысында Тұраш Қабжанқызының өмір жолы, оның білім саласындағы еңбектері мен өнегелі тұлғалық қасиеттері туралы естеліктер айтылды. 

Атаулы шәкіртақыға ие болған студенттер ерекше жетістіктерімен көзге түскен жастардың қатарынан болды. Олар оқу озаттығы, ғылыми зерттеулердегі белсенділігі мен қоғамдық жұмыстарға атсалысқаны үшін марапатталды.Шәкіртақы дарынды жастарды ынталандырумен қатар, қоғамдағы білімнің құндылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама екені сөзсіз.

Айнаш Есекеева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетінің 2 курс магистранты


Пікірлер (6)

sadygozha

,,

sadygozha

Мақала

 

sadygozha

Пікір қалдыра кетіңіз

 

 

sadygozha

Пікір қалдыра кетіңіз

 

Аршат

Рахметов

Айбат

Ерғалиев

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер