Мектепте “Әкелер мектебі” мен ұлдар клубы бірлесіп “Әкенің бала тәрбиесіндегі ролі” тақырыбында іс-шара өткізіледі. Іс-шараға ұлдар өздерінің әкелерін, ағаларын, кейбіреулер көпті көрген қария аталарын шақыруға болады. Онда ұл баланың қоғамдағы ролі мен отбасындағы жауапкершілігіне, әке мен баланың қарым-қатынасына кең көлемде, жан-жақты тоқталады.
Қазақта әрбір отбасы ұл баланың дүниеге келуін асыға күткен және ұл баланың тәрбиесіне үлкен мән берген. Өйткені қызды қонақ, ұлды ұрпағының жалғасы, әулеттің тізгінін ұстар азаматы, елдің мәртебесі мен абыройын асқақтатарар ер деп білген. Сондықтан тілі шығып, тәй-тәй басқан сәтінен бастап ұл баланың тәрбиесіне әкелер арласқан. Ұл баланың санасына ата-ананың, іні-қарындастарының. Отанының жауапкершілігі жүктелетінін сіңірген. Оған “Ұят болады”, ”Жаман болады”, “Обал болады”, - деген үш принциппен өмір сүруді, яғни өлімнен ұят күшті екенін, жамандықтан аулақ болу керектігін, судың да сұрауы бар екенін үнемі айтып отырған.
Қазақ ұл баласын алты жасында атқа мінгізіп “ашамайға мінді”, ер азамат, ер жігіт атанды деп елді жинап, той берген. Он үште отау иесі болады деп, отбасылық өмірдің жауапкершілігі де ұл баланың міндетіне кіретінін түсіндіріп отырған.
Ұл балаға әке өз ісімен, адал еңбеімен үлгі болып, баланың сегіз қырлы, бір сырлы болып ер жетуіне ықпал еткен. Әкелер еңбекпен келетін нанның” тәтті болатынын”, тек “еңбек - бәрін жеңбек” - деп түсіндірген және баланы ерте жастан еңбекке баулыған. Ұлын қиыншылықтарға төтеп бере алатын етіп тәрбиелеу де әкенің басты міндеті болады, себебі қазақ әулетінің, ұрпағының мұрагері “бос белбеу” болып өскенін қаламаған. Ұл баланың қамқоршысы, сырласы да әкесі. Баласының сырын, ойын ашық, анық бүкпесіз айтуына талап ете отырып, оның жан-дүниесін түсінетін психолог та бола білген.
Іс-шараның қорытынды кезеңінде қатысушылар ұл баланың араласатын ортасына да мән беру керектігін айтып өтті. Осыған орай, бірқатар дос туралы мақалдардың мағынасын ашып берді, өз ойларымен бөлісті. ”Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа”, ”Досы көпті жау алмайды, ”Жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас”, деген мақалдарды тілге тиек етті.
Елдің ертеңі, елдің қорғаушысы болатын ұл бала тәрбиесі бүгінгі күннің өзеті мәселесі екенін кез келген азамат есте сақтар деген оймен қайттық.
Әбіш Ақбілек Тастемірқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі