Youtube and Telegram platforms as a tool for preparing students for International English language exams.”
Abstract:The article explores the effectiveness of Telegram and YouTube platforms in preparing students for the international English language exam, IELTS. Telegram allows students quick access to study materials, communication with teachers, and collaborative learning. YouTube serves as a valuable visual learning tool by offering free video lessons, practical examples, and personalized preparation strategies. The combined use of these platforms simplifies the preparation process and helps students achieve higher results in the IELTS exam.
Keywords: IELTS exam, educational platforms, Telegram, YouTube, online preparation, English, exam preparation, students, free resources, visual learning.
Аннотация:Мақалада студенттердің халықаралық ағылшынтілі емтиханы IELTS-ке дайындалуында Telegram жəнеYouTube платформаларының тиімділігі қарастырылады. Telegram мессенджері оқушыларға дайындықматериалдарына жылдам қол жеткізуге, оқытушыларменбайланысуға, сондай-ақ ұжымдық дайындыққа мүмкіндікбереді. YouTube платформасы тегін бейнесабақтар, практикалық мысалдар жəне жеке дайындық стратегияларыарқылы визуалды оқу құралы ретінде маңызды рөлатқарады. Бұл екі платформаның үйлесімді пайдаланылуыстуденттердің дайындық процесін жеңілдетіп, жоғарынəтижелерге қол жеткізуіне көмектеседі.
Білім беру платформалары: Telegram жəне YouTube студенттердің IELTS емтиханына дайындалу құралыретінде.
Кілт сөздер: IELTS емтиханы, білім беру платформалары, Telegram, YouTube, онлайн дайындық, ағылшын тілі, емтиханға дайындық, студенттер, тегін ресурстар, визуалды оқу.
Оқу процесін ұйымдастыру үшін барлық оқытушылар мен студенттерге электронды платформаларға қол жетімділік беріледі. Құрал ретінде бейне сабақтар, дербес және онлайн жұмыс, онлайн курстар және т.б. қолданылады. Бізде бірнеше керемет жүйелер бар: "Bilimland", "Google Classroom", "MOODLE", "Telegram", "Platonus", "Youtube", "Daryn.online" және т.б. «Coursera» платформасы сонымен қатар курстарға кіруге мүмкіндік ашты, «ZOOM» қызметі сабақ өткізуге ақысыз қол жетімділікті қамтамасыз етті» деп Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министріАсхат Аймагамбетов айтқандай платформаларды қолдану арқылы оқу поцесстерін ұйымдастыру тиімді болып саналады.
Соңғы жылдары цифрлық технологиялар білім беру саласында үлкен өзгерістер алып келді. Әсіресе, қашықтаноқыту форматында қол жетімді ресурстардың көбеюі студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтті. Осындай платформалардың ішінде YouTube және Telegram ерекше танымалдыққа ие болып отыр. Бұл екі платформа студенттерге халықаралық IELTS емтиханын дайындық кезінде маңызды құралдарға айналды. Қазіргі уақытта көптеген оқытушылар мен білім беру орталықтары осы платформаларды пайдалана отырып, студенттерді емтиханға тиімді дайындап, олардың білімін жақсартуға ықпал етуде. Ағылшын тілі халықаралық қатынас тілі ретінде барлық салаларда, əсіресе білім беру мен кəсіби даму салаларында үлкен маңызға ие. Əлемнің көптеген студенттері IELTS (International English Language Testing System) емтиханын тапсырып, ағылшын тіліндегі білімдерін растауды мақсат етеді. Бұл емтиханнан жоғары нəтиже алу көптеген студенттердің шетелде оқу, жұмыс немесе көші- қон мүмкіндіктерін кеңейтеді. Осыған байланысты, білім беру платформалары, əсіресе Telegram мен YouTube, IELTS-ке дайындалу барысында тиімді құралдарға айналды.[1], [3]
YouTube платформасының артықшылықтары.
YouTube – әлемдегі ең ірі бейнемазмұндық платформа, онда түрлі оқу ресурстары қолжетімді. IELTS емтиханына дайындық үшін YouTube мынадай артықшылықтарды ұсынады:
- Көрнекі оқу материалдары: IELTS дайындық сабақтары, бейне дәрістер, емтихан форматтары және кеңестер туралы видеолар көптеген арналарда қол жетімді. Мысалы, IELTS Liz, E2Language, IELTS Simon сияқты танымал арналар студенттерге тиімді дайындық курстарын ұсынады. [4]
- Тегін қолжетімділік: Студенттерге IELTS емтиханына дайындық материалдарын тегін қарауға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, жеке репетитор жалдай алмайтын студенттер үшін тиімді.
- Кері байланыс мүмкіндігі: Көптеген оқытушылар студенттерге бейне сабақтардан кейін пікірлер арқылы сұрақтар қоюға және түсінбеген тақырыптар бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Мысалы, YouTube-та IELTS Writing, Listening, Reading және Speaking бөлімдеріне арналған дайындық видеолары кеңінен таралған. Студенттер осы бөлімдер бойынша түрлі тапсырмаларды орындап, өз деңгейін көтере алады.
Telegram платформасының тиімділігі
Telegram – жылдам хабар алмасуға арналған платформа, ол білім беру мақсатында да белсенді түрде қолданылып жүр. Telegram оқытушы мен студент арасындағы тиімді байланыс.Telegram мессенджері білім беру мақсатында кеңінен қолданылады. Бұл платформа студенттерге дайындық топтарына қосылуға, оқытушылармен тікелей байланысуға жəне əртүрлі материалдарға тез қол жеткізуге мүмкіндік береді. Telegram арналарында IELTS емтиханына арналған көптеген тегін жəне ақылы сабақтар, дайындық материалдары, тапсырмалар мен кеңестер орналастырылады.
Telegram-ның артықшылықтары:
1. Жедел қолжетімділік: Студенттер дайындық материалдары мен емтихан үлгілеріне лезде қол жеткізеді. Көптеген арналар емтиханға қатысты сұрақтарға жауап беріп, қажетті ресурстарды бөліседі.
2. Жеке кеңес алу: Тікелей хабарламалар арқылы оқытушылардан немесе емтиханды сəтті тапсырған студенттерден кеңестер алу мүмкіндігі бар.
3. Ұжымдық дайындық: Топтық чаттарда студенттер бір-бірімен тəжірибе алмасып, бірлесіп дайындалады. Бұл оларға мотивация мен қолдау береді. YouTube: визуалды оқу құралы.YouTube. платформасы студенттерге IELTS емтиханының барлық бөліктері бойынша (тыңдау, оқу, жазу жəне сөйлеу) түрлі сабақтар мен практикалық нұсқаулықтар ұсынады. Көптеген кəсіби оқытушылар мен тіл мамандары өз арналарында IELTS-ке дайындық сабақтарын тегін жариялайды. [6]
Платформаларды біріктіріп пайдалану:
YouTube және Telegram платформаларын біріктіріп қолдану дайындықты барынша тиімді етеді. Студенттер YouTube-тан бейне сабақтар көріп, жаңа тақырыптарды меңгергеннен кейін Telegram арқылы қосымша жаттығулар мен тесттапсырмаларын орындауы мүмкін. Telegram-да оқытушылар студенттерге үй тапсырмаларын жіберіп, кері байланыс береді. Бұл YouTube-тағы сабақтарды толықтыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, Telegram чаттарында басқа студенттермен пікір алмасып, бір-біріне көмек көрсетуге болады. Бұл емтиханға дайындықты қолдау ортасын қалыптастырады.
Платформалардың тиімділігін арттыру:
YouTube пен Telegram арқылы дайындық тиімді болуы үшін студенттер мен оқытушылар
жүйелі жоспар құру керек. Студенттер дайындық курсын жоспарлап, YouTube-тан сабақтарды белгіленген кесте бойынша көріп, Telegram-да тапсырмаларды орындауы қажет.Telegram топтарында талқылауға белсенді қатысу, сұрақтар қою және кері байланыс алу емтиханға жақсы дайындалуға көмектеседі. Әр сабақтың ұзақтығын және дайындық кестесін нақтылап, YouTube пен Telegram-дағы материалдарды ретімен орындау маңызды.
Қорытынды
YouTube және Telegram платформалары қазіргі замандағы цифрлық білім беру мүмкіндіктерін кеңейте отырып, студенттерге IELTS емтиханына тиімді дайындалуға көмектеседі. Олар қолжетімді, интерактивті және жан-жақты ресурстарды пайдалану арқылы студенттердің өз бетімен білім алуына ықпал етеді. Бұл әдіс әсіресе пандемия жағдайында қашықтан оқытудың өзекті әрі қажетті шешімі ретінде танылды.[8] Осы платформаларды тиімді пайдалану арқылы студенттер емтиханға дайындық процесін жеңілдетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады.[9]
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі