Өлең, жыр, ақындар

Спорт журналисі болғым келеді

Қазіргі уақытта журналистика саласының бірнеше бағыты мен кезеңі бар. Олар өз алдына жеке дара бөлінеді: ақпараттық, аналитикалық , көркем публицистикалық жанр . Осы айтылған жанр түрлеріне мысал келтірейік. Ақпараттық жанр – қазіргі қоғамда орын алып жатқан мәселелерді талқыға салып, ара-жігін ажыратып, оны халыққа жеткізеді. Аналитикалық – ол бір ортақ тақырыпты негізге алады. Мәселен су проблемасы қозғалса, сол өңірдегі халықтың әл-ауқатын біліп, толығымен зерттейді. Одан кейін ол аймақты нысанға ала отырып халыққа сапалы жұмыс істейді. Бұл күнделікті жалпыға ортақ журналистік бағыттар. Ал енді біздің қозғайын деп отырған тақырып – спорт журналистикасы. Қазіргі қазақ комментаторлары немесе спорт журналистер қандай деңгейде, және жоғарыда жазылған мысалдардың қандай қатысы бар? Журналистика саласы әрқашан өзекті. Міне, спорт журналистикасы да тап солай ілесіп, қатар дамып келеді. Қазақ спорт журналистері мен комментаторлары саусақпен санарлық екені бәрімізге мәлім. Көбі өз ісінің хас шеберлері деп тағы айта алмаймыз. Міне тап қазіргі уақытта дәл осы олқылықтың орнын толтыру қажет. Дегенмен бұл салаға қазақ жастарының қызығушылығы оянып, спорт тақырыбында қалам тербеп жүрген жастар саны күннен-күнге артып жатыр. Көп адамның пікірінше, спорт сарапшысы немесе журналисті болу оңай. Шын мәнінде жоғарыда айтылған 3 критерийде тап осы спорт саласындағы журналистерге тікелей қатысы бар. Мәселен ақпараттық жанр спортта болып жатқан былықты түзеуге немесе басқа да жауаптарды қарастыруға өзіндік септігін тигізеді. Аналитикалық жанр бойынша кез келген спорттық ойыннан кейін немесе ойын алды бірнеше болжамды сұрақ жауаптар мен сарапшы пікірлері қозғалуы мүмкін. Ендігі спорт журналистеріне керек талаптардың бірі – көркем публицистикалық бағыт бойынша сауатты болу. Себебі спорт журналистеріне жазбаша, шығармашылық бағыт бойынша жұмыс көптеп тапсырылады. Мен де болашақта спорт журналисі болғым келеді. Қазіргі уақытта өзімді спорт арналарына тәжірибе жинауға барып жүрмін. Тіптен мен білмейтін жұмыс көп. Сондықтан болашақ спорт журналисі ретінде осы саланың дамығанын қалаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз