Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тәуелсіздікке қол жеткізгенін, мемлекеттің егемендігін айқындайтын ұлттық құндылықтар. Елтаңба, Ту, Әнұран – бұл тек ресми рәміздер ғана емес, халқымыздың тарихы мен болашағын бейнелейтін терең мағынаға ие белгі-нышандар. Олар әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятады.
Қазақ халқы ертеден-ақ өздерінің бірегейлігі мен даралығын көрсететін рәміздерге ерекше мән берген. “Туыңды жоғары ұста” деген даналық сөз халқымыздың рухани байлығын, елдіктің белгісін көрсетеді.Қазақстан Туы – көгілдір аспанның тазалығын, бейбітшілік пен бірлікті бейнелейді. Оның ортасындағы күн – халқымыздың жарқын болашағы, ал қыран – тәуелсіздік пен еркіндіктің символы.Елтаңбадағы шаңырақ – елдің бірлігін көрсетсе, қанатты пырақтар – даму мен өрлеудің белгісі.Мемлекеттік Әнұран – халқымыздың патриоттық рухын көтеріп, ұлттың ұлы армандарын асқақтатады.
Қазақ елінің символдары – халқымыздың өткенін, бүгінін және болашағын байланыстыратын алтын көпір. Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер қабылданды. Бұл күн тарихымызда ерекше орын алды.Мемлекеттік рәміздер арқылы Қазақстан өзін әлемге танытып, өзінің бейбітшілікке және достыққа бағытталған саясатын көрсетті. Әрбір рәміз ұлттық сана мен мемлекеттің ерекшелігін айқындап, оның тарихынан сыр шертеді.
Мемлекеттік рәміздер тек құжаттарда немесе ресми шараларда ғана қолданылатын белгілер емес. Олар әрбір қазақстандықтың жүрегінде болуы тиіс. “Бірлік бар жерде – тірлік бар” деген мақал рәміздерге деген құрмет пен оларды ұлықтаудың маңыздылығын дәлелдейді. Халық өзінің рәміздерін қорғап, оларды мақтан тұтуы қажет.Әрбір азамат Туды биікке көтеріп, Әнұранды шын жүректен шырқап, Елтаңбаның қасиетін түсінуі тиіс.
Қазақ елінің символдары – мемлекеттің тәуелсіздігін, бірлігін және күш-қуатын бейнелейтін қасиетті белгілер. Олар тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпақтың да мақтанышы болмақ.”Еліңнің ұлы болсаң – рәмізіңнің құлы бол” деп айтылғандай, әрбір қазақстандық рәміздерді қастерлеп, елдік рухты сақтауы тиіс. Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің ұлттық рухымыздың айнасы!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
“География және табиғатты пайдалану” факультеті
Жерге орналастыру мамандығы 1 курс студенттері Сәбитқызы Сымбат, Өмірбекова Жансая
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, ТҒК: Джолдыбаева Ұ.М.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі