Өлең, жыр, ақындар

Үйдегі қасқыр

Жәлаладдин Руми хазреттерінің «Мәснәуи» — еңбегінде Ибн Сина Әбулхасан Харқанидың (құддиса сиррух) халін сұрап барғандағы мына бір оқиға баяндалады.

Ибн Сина бірнеше кісіні ертіп Харқани хазретінің халін сұрап барады.

Содан үйіне барса, әйелі ол кісінің үйінде жоқтығын айтады.

Сөзінің арасында: «Халін сұрап келетіндей Харқаниды әсірелеп жібермедіңдер ме? Әуре болып бекер келгенсіздер», — деп қалады.

«Кері қайтайық, оның расында қандай адам екенін жанындағы әйелінен артық кім біледі?» — деп ертіп барған адамдары кері қайтқылары келсе де, Ибн Сина оларды қайтпауға көндіреді.

Содан бәрі орманға бет алғанда, қарсы алдарынан арыстанға отын артып келе жатқан Харқани хазреттерін көреді.

Жақындағанда, расында арыстанның оған қыңқ демей бағынатынын байқап, әйелінің сөзі анау, бұл қалай болғаны деп себебін сұрайды.

Сонда Харқани хазірет: «Үйдегі қасқырға шыдамаған адамға таудағы арыстан қызмет етпейді», — деп жауап берген екен.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз