Еліміздің есте қалар нар тұлғасы ...
Мен Мерей Ержанқызы болашақ журналистпін. Менің әр бір сөзімнің тазалығына, қабілетімнің айқындалуына үлкен бір үлесін қосқан, нар тұлғалы жан Бейсен Құранбек. Бейсен ағамызбен тікелей сұхбатта болып үлгермедім. 2020 жылы, 18 мамыр айында жан тапсырды. Осылайша ағамды телеарнада толықтай, қызыға барлық ыждаһатыммен көріп, өзіме бой түзей білдім. Бейсен ағамыз көзінің тірісінде қандай қиыншылықпен өмір сүргенін біріміз білсек, біріміз білмеспіз. Жастайынан зерек, ата -әжесінен ерекше тәлім-тәрбие ала білген нағыз идеял жан десем артық айтқаным емес. Бейсен ағамның әр сөзі мәнге толы. Ағамның пікірлеуінен, өмірлік көз қарасынан экзистенция -эссенция ғылымдарын өзіме дағдыладым. Эфир деген шын мәнінде өзгелер үшін қойылым болар, Бейсен ағам үшін ол өмірінің бір бөлігі болды. Өзімді неге журналисттер қатарынан көргім келді, себебі ағамның ел үшін жасап үлгермеген өзіндік жұмысын мен жалғастырамын деп шешім қабылдадым. Филология саласын армандаған мен, әп-сәтте журналистика саласына бет бұрдым. Қазіргі таңда қазақ тіліміздің құнды сөзін алмастырып деформация ға ұшыратып жатқан, санасы таяз инфантилист жастар көбею үстінде. Журналистика саласын жалғай отыра осыны қолға алу басты мақсатыма айналып отыр. Бейсен ағамыз кезінде осы мәселе бойынша да сөз қозғаған болатын. Ақпарат құралдары бар жерде, журналистика саласы ешқашан өлмейді! Құрметті оқырмандар мен үлгі тұтатын , білімге ұмтылдыратын, кітап оқуға шақыратын Бейсен Құрманбектің есімі , өсиеті мәңгі өлмейді. Алдағы уақытта мені, яғни Тұрған Мерей Ержанқызы белгілі , елге абыройлы, Бейсен ағамыздың ізін жалғаған қазақтың қарапайым қызы ретінде көретін боласыздар! Бұрынғы батырларымыздың, ұлы даналарымыздың аңсаған арманын сөндірудеміз, ал ол шырақты өзім қайта жағамын деп уәде беремін!
Белгісіз жан
Уау