Өмір осы жігіттер, келіп кетер,
Түсінбейсің бұні әлі өлмей егер,
Ойларымда тұман, түнек құдай-ау,
Жақындаса осылай айтшы егер.
Айтшы егер, болсам әлсіз үтір мен,
Қойып өзім кетпекшімін нүктемен,
Соңы өзі жақындаса құдай маған,
Ғашықтықты беріпті ғой емімен.
Еміменен емдеймін айтшы нені?
Дертім мені қинап қатты келеді.
Ғашық болып өзіңе үміт арттым,
Соңы болса не істейсің енді мені.
Енді мені не істейді адамдар?
Қызықтырмай кетті мені атақтар,
Жас төгіп, қанды төгіп жауап берем,
Өзіңе болмағандай қиындықтар.
Қиындықтар қинайды қаныменен,
Соңын өзі өткізсем өзіңменен,
Үйге келіп көрпемді оранып ап,
Хабарларды күтіп жатам сенен мен.
Сенен мен, сұрамаймын сүйші деп,
Бәрін тастап меніменен болшы деп,
Армандайсың биіктерді білемін,
Алса алар мені,жатырмын сен бақытты болшы деп.
Сені сүйем оны жақсы білесің,
Дертім ол сезімді өзгертпейсің,
Махаббатым, ғашығым, жас болсамда,
Өзім үшін әрқашанда ерекшесің.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Султан Дидар
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі