Бүгінде әлеуметтік желі — өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Кәрісі де, жасы да телефонға тәуелді болып, желідегі өмірге қызығушылық танытуда. Бірі білім алса, бірі жаңалық оқиды, енді бірі бос уақытын өткізудің жолын іздейді. Жас буын әлеуметтік желіні өздеріне ыңғайлы орта ретінде қабылдаса, үлкендер үшін бұл жаңа әлемге ену мен заман ағымынан қалмаудың бір мүмкіндігіне айналды. Немерелерінің жазбаларына белгі қалдырып, жаңа трендтерді бақылап, бұрынғы достарын тауып жатқандар да аз емес. Бірақ, бұл әуестік орынды болса игі.
Әлеуметтік желі — шексіз мүмкіндік алаңы. Алайда, шынайы өмір мен виртуалды әлем арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды. Кәрісі де, жасы да желіні ақылмен қолданып, уақытын пайдалы істерге жұмсаса, бұл технология шынайы пайдасын тигізері сөзсіз. Алайда, әлеуметтік желіде шектен тыс уақыт өткізу шынайы қарым-қатынастың азаюына әкелуі мүмкін. Кездесулер мен әңгімелердің орнын мессенджерлердегі қысқа хабарламалар басып, отбасы мүшелері бір-бірімен бетпе-бет сөйлесуден гөрі экранға үңілуді әдетке айналдырады. Бұл әсіресе үлкен буын мен жас буын арасындағы байланысты әлсіретуі ықтимал. Әлеуметтік желіні тиімді пайдалану үшін уақытты дұрыс жоспарлау қажет. Жастар үшін білім алуға арналған платформалар мен пайдалы контентке назар аудару маңызды болса, үлкендерге денсаулық, мәдениет немесе хоббилер туралы ақпарат іздеуге көңіл бөлген жөн.
Ең бастысы, әлеуметтік желіге көп уақыт бөліп, шынайы өмірдің маңызды сәттерін елеусіз қалдырмау керек. Достармен бетпе-бет әңгімелесу, табиғатқа серуендеу, кітап оқу сияқты әрекеттер адамның жан дүниесін байытады. Сондықтан, кәрісі де, жасы да әлеуметтік желіні өз игілігіне пайдаланып, нақты өмірмен байланысын үзбеуге тырысуы қажет. Бұл технология тек құрал екенін, ал шынайы өмірдің мәні отбасымен, достармен, табиғатпен қарым-қатынаста екенін ұмытпайық.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Рысдаулетова Гүлсезім Саятқызы
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі