Тарихта залымдығымен танымал монғол билеушісі Хулагу 1258 жылы Бағдатты жаулап, қырғынға ұшыратты. 400.000 астам мұсылманды қырып салды.
Мешіттер, медреселер жермен жексен етілді. Миллиондаған діни және ғылыми кітаптар Диджле өзеніне тасталды. Өзен қаншама күн бойы қан болып ақты. Сол күндері Хулагу Бағдаттың ең үлкен ғалымымен кездескісі келетінін жариялайды. Бірақ ешкім келе қоймайды. Бұл хабар сол заманның ең жас ғалымы Қадыханға жеткенде: "Онымен мен кездесейін" дейді. Қадыхан әлі жап-жас болатын. Хулагумен кездесуге барарда өзіне бір түйе,бір ешкі және бір қораз берілуін сұрайды. Сұрағаны дереу әкеліп беріледі. Қадыхан осы жануарлармен Хулагудың шатырына келгенінде жануарларды сыртта қалдырып ,өзі ішке кіреді. Оны алып кірген жауынгерлер : "Сіз сұраған ғалым осы" деп көрсетеді. Хулагу жас баланы басынан аяғына дейін шолып шығып:
— Басқа адам таппадыңдар ма? — деп сұрайды. Қадыхан мұндай жағдайға дайын келгендіктен Хулагудың сұрағына былай жауап береді:
— Сен кездесу үшін ірі денелі біреуді күткен болсаң түйемді алып келдім, жоқ әлде кәрі,ақсақалды біреуді күткен болсаң ешкімді алып келдім,жоқ әлде жуан дауысты біреуді күткен болсаң қоразымды алып келдім. Үшеуі де шатырдың алдында тұр. Солармен кездессең болады, - дейді.
Хулагу алдындағы баланың жай адам емес екенін сезіп:
— Сен бері жақындап отыр , — деп орын көрсетеді. — Айтшы қане ,мені бұл жерге әкелген себеп не, — деп сұрады. Қадыхан былай деп жауап береді:
— Сені бұл жерге біздің амалдарымыз алып келді. Біз нығметтердің қадірін біле алмадық. Негізгі мақсатымызды ұмытып лауазым, байлық, мансап қуып нәпсімізге еріп сауық-сайран қудық. Хақ та’ала бұл нығметтерді бізден алу үшін сені жіберді. Хулагу екінші сұраған сұрайды:
— Мені бұл жерден кім шығаруы мүмкін?
Қадыхан: — Бұл да біздің өзімізге байланысты, тәубемізге келіп қаншалықты қысқа уақытта есімізді жиып, нығметтердің қадірін біліп, азғындықтан, ысыраптан, зұлымдықтан, бір-бірімізді күндеуден, аңдудан бас тартсақ, сол кезде сен бұл жерде тұра алмассың,
Тарихта залымдығымен танымал монғол билеушісі Хулагу 1258 жылы Бағдатты жаулап, қырғынға ұшыратты. 400.000 астам мұсылманды қырып салды. Мешіттер, медреселер жермен жексен етілді. Миллиондаған діни және ғылыми кітаптар Диджлә өзеніне тасталды. Өзен қаншама күн бойы қан болып ақты. Сол күндері Хулагу Бағдаттың ең үлкен ғалымымен кездескісі келетінін жариялайды. Бірақ ешкім келе қоймайды. Бұл хабар сол заманның ең жас ғалымы Қадыханға жеткенде: "Онымен мен кездесейін" дейді. Қадыхан әлі жап-жас болатын. Хулагумен кездесуге барарда өзіне бір түйе,бір ешкі және бір қораз берілуін сұрайды. Сұрағаны дереу әкеліп беріледі. Қадыхан осы жануарлармен Хулагудың шатырына келгенінде жануарларды сыртта қалдырып ,өзі ішке кіреді. Оны алып кірген жауынгерлер :"Сіз сұраған ғалым осы "деп көрсетеді. Хулагу жас баланы басынан аяғына дейін шолып шығып:
— Басқа адам таппадыңдар ма? — деп сұрайды. Қадыхан мұндай жағдайға дайын келгендіктен Хулагудың сұрағына былай жауап береді:
— Сен кездесу үшін ірі денелі біреуді күткен болсаң түйемді алып келдім, жоқ әлде кәрі,ақсақалды біреуді күткен болсаң ешкімді алып келдім,жоқ әлде жуан дауысты біреуді күткен болсаң қоразымды алып келдім. Үшеуі де шатырдың алдында тұр. Солармен кездессең болады, - дейді.
Хулагу алдындағы баланың жай адам емес екенін сезіп:
— Сен бері жақындап отыр , — деп орын көрсетеді. — Айтшы қане ,мені бұл жерге әкелген себеп не, — деп сұрады. Қадыхан былай деп жауап береді:
— Сені бұл жерге біздің амалдарымыз алып келді. Біз нығметтердің қадірін біле алмадық. Негізгі мақсатымызды ұмытып лауазым, байлық, мансап қуып нәпсімізге еріп сауық-сайран қудық. Хақ та’ала бұл нығметтерді бізден алу үшін сені жіберді. Хулагу екінші сұраған сұрайды:
— Мені бұл жерден кім шығаруы мүмкін?
Қадыхан: — Бұл да біздің өзімізге байланысты, тәубемізге келіп қаншалықты қысқа уақытта есімізді жиып, нығметтердің қадірін біліп, азғындықтан, ысыраптан, зұлымдықтан, бір-бірімізді күндеуден, аңдудан бас тартсақ, сол кезде сен бұл жерде тұра алмассың, — дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі