Өлең, жыр, ақындар

Міржақып Дулатов және Алаш көсемсөзі


Міржақып Дулатов - қазақ халқының тарихында ойып тұрып орын алатын ұлттың
ардақтысы,қазақ көсемсөзінің іргетасын қалаушылардың бірі,Алаш үкіметінің құрылуына
үлес қосқан ұлтжанды қайраткер.Халықтың жүрегіне үміт отын жағып, “Оян қазақ!” деп
ұрандатып ұлттың еңесін көтеріп,қараңғылықтан жарыққа шығуға шақырды.Бұл сөз
Міржақыптың шығармашылығының символына айналған ұраны.
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ,шешем қазақ-
Мен неге қазақтан сақтанамын?!
Әрбір қазақтың жанын тебрентерлік бұл нақыл сөзінен өз ұлтыңа деген шексіз ыстық
сезім мен жан қиярлық махаббатын сезінеміз.Сонымен қатар,1905 жылғы Қарқаралы
петициясында да патша үкіметіне қарсы шығып,қазақ жерін сақтау,ұлт мүддесін
қорғау,білімді дамыту мәселелерін шешу жолында алғашқы саяси қадамдарын
жасады.Ал,1909 жылы жарық көрген “Оян қазақ”жинағы сол дәуірдің үнін
жеткізген,патша үкіметінің озбырлығын әшкерелейтін шығармаларының бірі.
Міржақыптың осы бір ұраны тек әдеби туынды ғана емес, нағыз саяси-әлеуметтік
манифестке айналды десек те қате емес.1917 жылы Алашорда үкіметінің құрылуы-
Міржақып Дулатовтың саяси қызметінің ең маңызды кезеңдерінің біріне айналды. Осы
күресте туындаған бір мәселе – Міржақыптың саяси көзқарастарының уақыт өте келе
Кеңес үкіміметінің көзқарасымен тоғыспауы. Міржақып және Алаш қозғалысының басқа
мүшелері бастапқыда халықтың мүддесі үшін күрессе де, олардың саяси әрекеттері
тұшымды нәтиже бермеді. Алаш үкіметі дербес қазақ мемлекеттігін құруға ұмтылса да, ең
өкініштісі, бұл концепция іске аспай, қазақ халқы Кеңес үкіметі тарапынан зардап
шекті.Мәселен,малдарын рұқсатсыз айдап алып кетуі,қолдан жасалған аштық,шұрайлы
жерлерінен айырылуы тағы да басқа озбырлықтары қазақ халқының қалыптасуын тежеді.
Екінші мәселе– Міржақыптың жазушылық шеберлігі мен публицистикасының халық
арасында кең тарамауы. Оның шығармаларының кейбіреуі, әсіресе “Бақытсыз
Жамал”қазақтың тұңғыш романы, қазақ әдебиетінде маңызды орын алса да, ол заманда
кеңінен танымал бола қоймады. Бұл еңбектер өз дәуірінде аса танымал болмауы, тағы да
патша үкіметінің қойған шектеулеріне байланысты.Патша үкіметі қазақ халқы
жастарының білім алуына түбегейлі қарсы болды.Жастарға мал баққызып,өздерінің
бодандары еткісі келді.Бірақ,осы тұста қалың қазақ елің рухани оятуға,өзіндік мүддесін
қорғауға шақырған Міржақып 1928 жылы "ұлтшыл" деп айыпталып,саяси қуғын-сүргіннің
құрбаны атанды.Бұл қайғылы оқиға Міржақыптың азаттық үшін шеккен тауқыметінің
көрінісіне дәлел.
Менің ойышма, тіл тазалығы Міржақып Дулатов үшін ұлттың рухани тәуелсіздігінің кілті
болды. Қазақ халқының рухани ұйқыдан оянуына ұмтылған ұлы тұлғалардың бірі. Оның
көсемсөзі, өткір тілі, жанайқайы сол замандағы қазақ қоғамының ең маңызды мәселелерін
қозғады. Әсіресе, оның ұлтты рухани бостандыққа шақырудағы табандылығы мен тілді
сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлуі – оның көсемсөздік мұрасының алтын қазығы деп
білемін. Оның пікірнше,тіл-ұлттың жаны мен айнасы,ұлттың болашағы.Мәселен,1913-
1918 жылдары “Қазақ”газетінде Ахмет Байтұрсыновпен қызмет атақара отырып,қазақ
тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеріп,оны кеңінен қолдану мәселесін шешуге
тырысты.Міржақып және оның замандастары қазақ тілін сақтау арқылы ұлтты сақтап
қалуды мақсат етті.Бұл мәселе күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпауда.Несін
жасырамыз?Шыны кереу, “Бір қарын майды,бір құмалақ шірітеді” демекші қоғам
арасында қазақ тілінде сөйлеуге жасқанатын,шетелге еліктеп,көшіп кеткен жастарыпыз
толымды деуге тұрарлық.Бұл сонау ғасырлар бойф тер төккен Алаш зиялыларының
еңбектерінің зая кеткені ме?
Қорытындылай келе,қазіргі заманда Міржақып Дулатовтың көсемсөзі-тарихи
қазына.Оларды тек өткен шақтың құндылығы ретінде қарау дұрыс емес деп ойлаймын. Ол
тек өз дәуірінің қажырлы күрескері ғана емес, бүгінгі тәуелсіз елдің де болашағына жол
сілтейтін тұлға. Сол заманда көтерілген мәселелер,бүгінде өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Міржақып атамыздың өмірі бізге үлгі, ал оның идеялары – біздің алға жылжуымызға
бағыт беретін шамшырақ. Оның арманы – саналы,білімді ,өз тілің құрметтейтін қазақ
халқының қалыптасуы. Біз осы мақсатқа жету жолында Міржақып Дулатовтың өнегелі
өмірін, шынайы жанкешті күресін үлгі тұтып, өзіміздің ұлттық міндетімізді орындауға
тиіс екенімізді түсінуіміз қажет


11

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз