Космостық туризм-бүгінгі таңда инновациялық туризм саласы ретінде кең
танылуда. Бұл бағыт туризм индустриясының логикалық жалғасы ретінде
космонавтиканың коммерциялануымен тығыз байланысты. Космостық
туризм дегеніміз — ғарышқа, оның ішінде орбиталық станцияларға, Айға,
Марсқа және басқа да внеземные объектілерге жеке қаржы арқылы саяхат
жасау. Мұндай туризмнің мақсаттары тек қана ғылыми зерттеулермен
шектелмейді, сонымен қатар танымдық және экстремалды саяхаттармен де
ерекшеленеді.
Космостық туризм қазіргі заманда адамзаттың ғылым мен технология
саласындағы ең қызықты бағыттарының бірі ретінде қалыптасып келеді.
Ғарыштық сапарлар тек қана кәсіпқой ғарышкерлерге ғана емес, сонымен
қатар туристер үшін де қолжетімді болуға бет бұруда. Бұл бағыт адамзатқа
жаңа мүмкіндіктер беріп қана қоймай, экономикалық және ғылыми
маңыздылығы бар сала ретінде қалыптасуда.
Сонымен қатар, космостық туризмнің жердегі көріністері де бар. Мысалы,
ғарыш мұражайлары мен космодромдарға экскурсиялар ұйымдастырылып,
тарихи естеліктермен байланысты іс-шаралар өткізіледі. Мұндай туризмнің
маңыздылығы — адамның ғарышты игерудегі жетістіктерін кеңінен таныту
және болашақта космостық ресурстарды пайдалануға дайындық жасау.
Қазіргі уақытта бұл сала стратегиялық маңызға ие, себебі ол тек экотуризмнің
жаңа бағыты болып қана қоймай, сонымен қатар жергілікті экожүйелерді
сақтауға мүмкіндік береді. Космостық туризм адамзатқа рекреациялық
қызметтердің жаңа деңгейін ұсына отырып, ғылым мен инновацияларды
дамытуға жол ашады.
Сонымен бірге, ғарыштық туризмнің дамуы әлемдік саясат пен экономикаға
да әсер етуде. Мысалы, Қазақстан ғарыштық зерттеулер мен ұшырулар
саласында маңызды елдердің бірі ретінде танылып отыр. Байқоңыр ғарыш
айлағы – әлемдегі ең ірі және ең көне ғарыш айлақтарының бірі, 1957 жылы
алғашқы жасанды жерсерігі мен 1961 жылы Юрий Гагариннің ғарышқа
ұшуы дәл осы жерден жүзеге асқан. Осы тарихи оқиғалардың арқасында
Қазақстан ғарыш саласында елеулі орынға ие.
Қазақстандағы ғарыштық туризм әлі де дамудың бастапқы кезеңінде
болғанымен, Байқоңыр ғарыш айлағына деген қызығушылық артып келеді.
Бұл айлақ қазіргі таңда Ресейдің бақылауында болғанымен, Қазақстан оны
туризм мақсатында да белсенді пайдаланып келеді. Жыл сайын Байқоңырға
келуші туристер саны артуда. Олар ғарышқа ұшырылымдарды көру, тарихи
нысандарды тамашалау және ғарыш тарихымен жақын танысу мүмкіндігіне
ие.
Ресейдегі космостық туризмге келетін болсақ,Ресей космостық туризмнің
алғашқы қадамдарын жасап, әлемде ғарыш туризмін дамытқан алдыңғы
қатарлы мемлекеттердің бірі болып саналады. 2001 жылы алғашқы ғарыш
туристі ретінде американдық Дэннис Тито “Роскосмос” арқылы
Халықаралық ғарыш станциясына ұшты. Бұл оқиға ғарыштық туризмнің
жаңа кезеңін бастады.
Дегенмен, ғарыштық туризм әлі де көптеген экономикалық және құқықтық
қиындықтарды талап етеді. Халықаралық құқық саласында бұл бағыт
толықтай реттелмеген және ғарыштық туризмнің заңдық негіздері әлі де даму
үстінде. Осыған қарамастан, болашақта бұл сала кең таралып, космостық
туризм ұғымдары кеңейіп, тек орбиталық немесе айлық туризммен ғана
шектелмейді. Жерге жақын ғарыштық саяхаттардың жаңа түрлері пайда
болып, басқа планеталарға сапарлар да қолжетімді болуы ықтимал.
Болашақта, ғалымдар болжамдары бойынша, 2029 жылға дейін Юпитер
жүйесіне адам ұшыру жоспарланған. 2040 жылға қарай күн жүйесінің
ресурстарын белсенді пайдалану және 2054 жылға қарай күн жүйесінен тыс
алғашқы ұшырылымдар болуы мүмкін. Бұл болжаулар қазіргі ғылыми
жетістіктер мен ғарыштық инфрақұрылымның дамуымен сәйкес келеді.
Космостық туризмнің дамуы ғарыштық технологиялардың әрі қарай
жетілдірілуіне, адамзаттың жаңа горизонттар мен мақсаттарды ашуға деген
ұмтылысын арттыра түседі. Сонымен қатар, ғарыштық туризм ғылыми
зерттеулер мен технологиялық инновациялар үшін жаңа алаңдар ұсынады.
Туристерге арналған ғарыштық сапарлар болашақта кеңейе түсіп, ғарышта
өмір сүруге және ғарыштық инфрақұрылымдарды құруға жол ашуы мүмкін.
Бұл бағыттың болашақта әлемдік экономикаға да үлкен әсері болуы мүмкін.
Мысалы, ғарыштық туризмнен түсетін табыстар туризм индустриясына және
ғарыштық зерттеулерге қаржы бөлуді арттырады. Сонымен қатар, ғарыштық
туризм дамыған сайын, жаңа жұмыс орындары пайда болып, экономикалық
мүмкіндіктер кеңейе түседі.
Жалпы алғанда, космостық туризм — тек қана таңғажайып сапар емес,
сонымен бірге адамзаттың ғылым мен технология саласындағы дамуына
үлкен серпін беретін болашақтың жаңа қыры.Космостық туризмнің дамуы
экономикалық дағдарыстар мен әлемдік жағдайларға қарамастан жалғаса
беретін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі