Өлең, жыр, ақындар

Біздің үйдегі дәстүр


Біз қазақ халқы болғаннан кейін,дәстүрге ,әдет-ғұрыпқа бай елміз.Оны айтпай кетуге
болмайды.Өздеріңіз білетіндей тарих сахнасына көз жүгіртсек,сонау сақ кезеңінен
бастап,белгілі бір тобыр немесе отбасыда қалыптасқан дәстүрлер мен ерекшеліктер бары
анық.Қазір де бұл үрдіс жалғасуда.Яғни,ұрпақтан-ұрпаққа тарауда.Бұл да бір қазақ
халқының өзіндік ұлт ретінде ерекшелігі деп есептеймін.Әрбір отбасыда қалыптасқан
дәстүрлер сырт көзге қарапайым болып көрінгенімен,олар рухани құндылықтарды
дәріптеп,ауызбіршілікті нығайтады.
Менің пайымдауымша,ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтар сақталуы
отбасы тәрбиесінен бастау алады. Отбасы – балаға алғашқы тәрбие беретін орын,
сондықтан қазақтар үшін отбасыдағы тәрбие өте маңызды. Біз қазақ бала тәрбиесіне
ерекше мән берген халықпыз, ата-ананың міндеті – балаға адамгершілік, сыйластық,
еңбекқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты қасиеттерді сіңіру. Бұл құндылықтар
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Отбасындағы тәрбие көбінесе ауызша мұра арқылы,
яғни үлкендердің ақылы мен кеңестері арқылы беріледі. Әжелер мен аталар баланы халық
ауыз әдебиеті, ертегі, жыр, мақал-мәтел арқылы тәрбиелеген. Баланы табиғатпен үйлесімді
өмір сүруге, адалдық пен ар-намысты жоғары қоюға үйреткен.Бұл да бір әрбір отбасыда
кездесетін дәстүр,құндылық деп ойламайсыз ба?
Дәстүрлер тек өткен шақтың естелігі емес,ол келешек үшін де өте маңызды.Олар біздің
тарихымызбен тікелей байланысты.Мәселен,тарихқа шолу жасай отыра,ата-бабадан мирас
болып қалған дәстүрлерді танып ,оны сақтауға тырысамыз.Ал дәстүрлерді сақтау
арқылы,біз тарихқа үңілуге талпынамыз.Демек,бір-бірімен тоғысатын дүниелер.Кез-
келген қазақ халқының отбасында құрметтелетін дәстүрлер менің отбасымда да бар,олар
біздің отбасымыздың әрбір мүшесі үшін өте маңызды әрі құнды.Ең әуелі,мен біздің
отбасыдағы маған ұнайтын бір дәстүрді айтайын.Ол анама немесе әкеме жалақы түскен
кезде біз міндетті түрде бәріміз ақша шешуге сосын ойын-сауық орталықтарына
барамыз.Содан соң,анам мен әкем біздерге неше түрлі тәттілер және үйге тамақтар
алады.Кейін біз коммуналдық қызметтерді төлеуге және басқа да істерімізді бітірумен
жүреміз.Мен және бауырларым айдың 3-4-і күндерін осы дәстүр үшін асыға күтеміз.Бұл
дәстүр бізге керемет көңіл сыйлайды.Келесі бір қалыптасқан дәстүр жексенбі күні үй
жинау.Бұл бір қарағанда міндет сияқты болып көрінуі мүмкін.Алайда,үй жинау барысында
басқа қырларымыздан ашыламыз. Бірге жұмыс істеп,уақытты тиімді өткіземіз.Отбасымен
үй шаруасын істеу арқылы бір-біріміздің кем тұстарымызды байқап,онымен болашақта
жұмыс істеуге тырысамыз.Тағы бір ерекше дәстүріміз “Фильм көру кеші”.Яғни сенбі күнгі
демалысымызды өзімізге,отбасы мүшелеріне арнаймыз.Әр сенбі сайын кезек-кезек
ұсынған фильмдерді көреміз.Бұл арқылы бір-біріміздің талғамымыз бен
қызығушылығымызды тани аламыз.Мәселен,өткен сенбі де ағам бізге қорқынышты
жанрдағы фильм ұсынды.Шыны керек,бұрын соңды бұл жанрдағы фильмдерді
көрмеппін.Себебі,мен үшін бұл тансық дүние еді.Алайда,бұл фильмді көру арқылы
түйгенім өмірде дамудан калыс қалмау керек.Әрбір оянған таңымыз бізге берілген мол
мүмкіндік .Сол мүмкіндікті қолдана білу әрбір пенденің міндеті.Кей-кезде тәуекелшіл
бола білу қажет .Барлық қиындықтарды еңсеріп,қорқынышты жеңуге қабілетті болуымыз
керек.Отбасымызда қалыптасқан енді бір дәстүр-кітап оқу кеші.Толығырау түсіндіре
кетсем,айына бір рет біз ақылдасып бір кітапты таңдаймыз.Кітаптың белгілі бір бөлігін
оқып,бір-бірімізге өзіміз оқыған жерлерін түсіндіреміз.Кейін оны ортаға салып
талқылаймыз.Мысалы соңғы оқыған кітабымыз “Кемел адам”.Өте керемет кітап,оқуға
кеңес берер едім.Жеке тұлға ретінде қалыптасқысы келетін жандар үшін таптырмас
кітап.Біз тек кітап оқып қана қоймай,ойымызды еркін жеткізіп және бір-біріміздің
сөзімізді тыңдап үйрендік.Кітап оқу дәстүрі арқылы екі қоянды бір оқпен аттық десек те
болады.Жоғарады айтқандай,бір жағынан білім нұрымен сусындасақ,екінші жағынан
сөздік қорымыз дамып,ойымызды ашық,еркін жеткізуді үйрендік.
Ойымды түйіндей келе,отбасыдағы дәстүрлер тек материалдық емес,рухани тұрғысынан
да берілуі керек.Олар отбасындағы әрбір мүшенің рөлі мен міндетін айқындап,
жауапкершілігін сезіндіреді.Дана қазақ халқымыз "Ұяда не көрсең,ұшқанда соны
ілерсің"деп бекер айтпаған.Кішкентай баланың өзі осындай дәстүрі сақталған отбасыда
өссе,болашақта ол да балаларына осыны үйретері және дәстүрді жалғастырары
анық.Дәстүрлер-отбасымен уақыт өткізу ғана емес,олар бізге ОТБАСЫ деген ұлы
ұғымның мәнін терең түсінуге және оны бағалауға мүмкіндік беретін құнды
негіз.Олардың күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпай,сақталып келуі отбасының жеткен
бір жетістігі деп білемін.Бұл ұлттық болмысты қалыптастыруға деген бір қадам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз