Зұлхарнаева Әселхан Талғатқызы п.ғ.м., оқытушы
Қызылорда қаласы, Қазақстан
Резюме
В статье рассматриваются математика где является значительной и важной частью общечеловеческой культуры. Накопление математических фактов на протяжении тысячелетий развития человечества привело к возникновению математики как науки около двух с половиной тысяч лет тому назад. Обращаясь к истории философии, следует отметить, что ученые, создававшие математику, рассматривали ее как составную часть философии, которая служила средством познания мира. Не случайно, квадривий, изучавшийся в Древней Греции, включал в себя арифметику, геометрию, астрономию и музыку.
Summary
The article deals with mathematics where it is a significant and important part of human culture. The accumulation of mathematical facts over thousands of years of human development led to the emergence of mathematics as a science about two and a half thousand years ago. Turning to the history of philosophy, it should be noted that the scientists who created mathematics considered it as an integral part of philosophy, which served as a means of cognition of the world. It is no coincidence that the quadrivium, studied in ancient Greece, included arithmetic, geometry, astronomy and music.
Ұстаз деген – ұлттың болашағына тікелей әсер ете алатын бірден бір ерекше тұлға. Себебі ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Заман талабына сай тәрбие беру – мұғалімнің басты міндеті. Ел ертеңі бүгіннен басталатынына терең мән бере білсек, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасымен ішкі сыртқы саясатын дамытатын да бүгінгі жас өрендеріміз.
Бізге келіп жеткен салт-дәстүр мен әдет-ғүрыптардың, мәдени мұралардың өзінен қазақ халқының асқан даналығын көруге болады. Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң қалдырғандай. Сол мол мұраның кей біреулерінде жаратылыстану элементтерінің қолданылуына тоқталып өтейік. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды меңгеру керек. Табиғаттағы кез-келген құбылысты қарастырғанда оны нақты бір бейнеге келтіреді. Нәрсенің табиғи – физикалық кескіннің геометриялық денелері арқылы бейнелейді. Қандай нәрсе болса да бұйым немесе құбылыс ғарыштағы алып нысандар, яғни көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектер бәрі белгілі бір геометриялық пішінмен сипатталады. Шаруашылық есебін жүргізу үшін қарапайым есептің білімдер негізін білу қажет екендігі белгілі.
Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты математика ғылымы терендеп, күрделеніп, зертеу обьектілері кеңейе түсті. Осылайша адамзат ақылмен құрылған анағұрлым жоғары абстракцияларды қамти бастады. Сонымен қатар, теориялық математикамен бірге қолданбалы математика тез қарқынды дамуда. Экологиялық процестерді басқару теориялары күннен-күнге математикалық сипат алып отырғаны, қуатты электрондық есептеуіш техникаларының пайда болуы, олардың әлеуметтік, экономикалық салаларда кең көлемді қолданылуы математиканың басқа ғылымдар секілді жоғары қарқынды дамуда екенің көрсетеді.
Математика пәні барлық жаратылыс тану пәндерімен тікелей байланыста. Мәселен, физика пәнінде есептің негізін физикалық тұрғыда түсініп, шешкенмен соңы математикалық формулалар мен есептеу жүйелеріне келіп тіреледі. Және де математика біздің өміріміздің көптеген салаларында да аса маңызды рөлге ие. Өндірістің көптеген салалары, экономика, жаңа технологиялар, ақпараттық жүйелер, өзге де толып жатқан салалар есептеулерсіз өз істерін жүргізе алмақ емес. Яғни, оқушы мектептен математиканың өзегін танып, өзіне сіңіріп алмайынша қай салада болмасын білікті маман бола алмайды.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы білім мен іскерліктің болуы, олардың шығармашылдық жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәні оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айта білуіне мүмкіндік туғызады. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнің оқушылармен шығармашылдықпен жұмыс істеуінің жемісі. Оқушыларға терең де тиянақты білім беру мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыру өзінің шеберлігі мен ізденімпаздығына, сабақты қызықты, тартымды өткізу мүмкіндігінің белсенділігіне және сабақтың әр түрлі әдіс-тәсілдерін орынды қолдана білуінде.
Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты – оның пәнге қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызығып, оның құпияларын білсем деген оқушы оны тереңдете оқуға ұмтылыс жасайды. Пәнге қызығушылығы бар оқушының білім сапасы жоғары болатындығы белгілі. Мұғалім үнемі оқушының ойлану белсенділігін арттырып, білуге, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақтың мақсатына жетеді.
“Мектептің жаны – мүғалім” деп, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алу барысында ұстаз қауымының алатын орыны ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.
2. Оқытудың инновациялық аспектілері. 2017. Бегалиева Р.Н., Исаев Ғ.И., Ергубекова Ж.С.
3. Педагогикалық жүйетану негіздері.2015. Мұханбетжанова.Ә.
4. Бастауыш мектеп мұғалімі:шеберлікті шыңдау. 2020. Расселл Григг
5. Қанатбаева А. Р, Математиканың оқыту әдістемесі: Электронды оқулық / А. Қанатбаева.- Қызылорда: Болашақ"университеті баспаханасы, 2015.
6. Қанатбаева А. Р, Математиканың бастауыш курс негіздері: Электронды оқулық / А. Қанатбаева.- Қызылорда: Болашақ"университеті баспаханасы, 2015.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Арыстан
Қазіргі әлемдегі математиканың рөлі қызықты екен
Рахымжан
Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты – оның пәнге қызығушылығын арттыру екендігіне толықтай келісемін.
Айша
Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты математика ғылымы терендеп, күрделеніп, зертеу обьектілері кеңейе түсті.
Рақмет
Математика пәні қызықты