Мен – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студентімін, және осы білім ордасында оқып жатқанымды мақтан тұтамын. ҚазҰУ – еліміздегі ең беделді және терең тарихы бар жоғары оқу орындарының бірі. Бұл университеттің атауы ғана емес, оның мәдениеті, құндылықтары, берер білімінің сапасы мен мүмкіндіктері маған зор ықпал етіп, өзімді жан-жақты дамытудың ерекше ортасын қалыптастырады. Мен философия және саясаттану факультетінде "Жалпы және қолданбалы психология" кафедрасында білім алып жатқанымды мақтан тұтамын. Бұл кафедра–психология ғылымының іргелі және қолданбалы қырларын терең зерттеуге арналған бірегей орталық. Мұнда біз психологияның теориялық негіздерін ғана емес, оны өмірде қалай қолдануға болатынын да үйренеміз.
Болашақ маманның кәсіби дамуы үшін теориялық білім жеткіліксіз, оны тәжірибе жүзінде бекіту – маңызды қадам. Осы мақсатта мен, 2025 жылдың 20 қаңтарынан 15 наурызына дейін Ақши ауылдық округі әкімінің аппаратында өндірістік практикадан өттім. Бұл кезең мен үшін теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби дағдыларымды жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.
Практика барысында мен әкімдік құрылымымен, оның негізгі қызметтерімен және құжат айналымымен таныстым. Әкімдікте жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің қызметін зерттей отырып, олардың халықпен жұмыс істеудегі жауапкершілігі мен кәсібилігіне көз жеткіздім. Әсіресе, психологтың рөлі мен атқаратын жұмыстары маған ерекше әсер қалдырды.
Практика кезеңінде мен мемлекеттік қызметкерлермен бірлесіп түрлі іс-шаралар ұйымдастырдым, оның ішінде ұжымдық қарым-қатынасты жақсарту, жұмыс тиімділігін арттыру және психологиялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған тренингтер өткіздік. Бұл іс-шаралар қызметкерлердің жұмыс барысындағы өзара қарым-қатынасын жақсартуға, эмоционалдық күйзелісті төмендетуге және кәсіби тиімділікті арттыруға көмектесті. Сондай-ақ, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, психологиялық кеңес беру және әкімдікке келушілердің сұраныстарын зерделеу бойынша тәжірибе жинақтадым.
Практика кезінде жинаған тәжірибем мен үшін өте құнды болды. Біріншіден, бұл менің кәсіби бағдарымды нақтылауға және болашақ маман ретінде қалыптасуыма ықпал етті. Екіншіден, мемлекеттік қызметтің қалай жұмыс істейтінін терең түсінуге мүмкіндік берді. Үшіншіден, мен өзімнің теориялық білімімді практика жүзінде сынап, жаңа дағдыларды игердім.
Осы тәжірибе барысында маған қолдау көрсеткен Ақши ауылдық округінің әкімдігіне, ондағы ұжымға және әсіресе, менің жетекшім болған психолог маманға алғысымды білдіремін. Бұл тәжірибе менің кәсіби дамуым үшін маңызды қадам болды, әрі болашақ маман ретінде өзімді одан әрі жетілдіруге шабыт берді.
Өндірістік практика – студенттер үшін кәсіби өмірге дайындықтың маңызды кезеңі. Мен өзімнің осы уақыт аралығында жинаған білімім мен дағдыларымды болашақ жұмысымда тиімді қолданатыныма сенімдімін.
Қанатова Динара
4 курс студенті
Жетекші: Адилова Э.Т
Phd, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доцент м.а
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
-
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі