Кейде мен таңдаған нәрсе маған зиян келтіреді ме деп қорқамын!
Құдайдың атымен ант ішсе де,
Ешкімге сенбе ешқашан,
Кешірім сұрап келсе де,
Сақ болшы үнемі әрқашан!
Сатқын болып шығады,
Артынан пышақты сұғады,
Керек дағы болса егер,
Өзінікін бәрі-бірде алады!
Екі жүзді сұрампыл,
Әр жолы оның құрақ құл,
Ішің білсін әуел-ай,
Тіл тыйылса, толсын-ай!
Мен сатқындықты жек көремін, ол мені жаралайды. Кек алуға деген құлшынысым арта түседі, бірақ өзімді ұстаймын, ашу күшін арман-мақсатыма жетуге жұмсаймын, сізге де соны кеңес беремін. Бәріміз қателесеміз, бірақ сол қателіктен үлгі алуымыз керек! Мойындашы сен әу, баста, сәл де болса сатқын екенін білдің, бірақ өзің мойындағың келмеді! Бүгін дос, ертең қас, бүгін үшін ауыртпа бас!
“Астыңдағы атыңа сенбе!
Қойныңдағы қатыныңа сенбе!
Атың да бір күн жығылады
Қатының жыландай атылады.”
Өзіңнен басқа ешкімге сенбе, өзің жаса, қателессең өзіңнен екеніңді біліп тәжірибе аласың, біреуге жасатсаң да, дұрыс жасатып, дұрыс басқар, сонда жемісін аласың! Білесің бе, жүрегі тыныш болған адамға өз жан жараңды ашып қажет емес, тыныштықта болған жүректерге тиіспе, оны өзің ғана емдей аласың. Бұл сенің өмірің, саған берілген тағдыр, нығмет. Оны тек өзің ғана көркейтіп, өзің ғана құрдымға кетіре аласың.
Өмірде ақ пен қараны ажырата білу керек! Кімді сыйлап, кімге көңіл бөлмеу керектігін ұғынған адам асыл! Далаға мысық, үйде ит боп керек емес, керісінше далада адал пысық, үйде ыңғайлы қасық бол! Жақсы мен жаманның не екенін түсініп, ең қымбат ресурс уақытыңды текке құртпа! Өзіңе болашақта дым пайда әкелмек емес адамға уақыт құртпа, шашылма, ақтарылма! Лас адамдарға көп ашық сөздер айтқаныма өкінемін! Таза адамдарға көп лас сөздер айтқаныма өкінемін! Жалғыз Құдайға сен де, өзгеге ешқашан да сенбе, сақ бол! Біреуді ұнатсаң да, шашылма, ақтарылма, біраз уақыт бақыла, кім екенін таразыға салып уақыт құртпа! Сенбе, сақ бол! Дұшпан әлсіз ашылған кезіңді күтіп соны пайдаланып сол жерден ұрып жеңеді, сатады. Отбасыңның әр мүшесінің қадірін біл, ең жақыны солар, себебі: бір от басында отырғандықтан! Тоқ не аш, көңілді не мұңды, ашулы болып шешім қабылдама! Орташасын да қабылда! Егер ол саған жақын адам болса да, онда мүлдем сабыр ет! Дисциплина қиын, жүйкеңді тоздырар, сосын бос іске уақыт таба алмайсың! Ол сені жақсы көреді деген сөз емес! Біреу саған ашулы болса онда бір гәп бар. Анасы досымның бөлмесін өзі қалағандай жөндеп берді, жаңа консоль, жаңа компьютер, жаңа телевизор, жаңа төсек, барлығы су жаңа 2 миллион теңгедей шықты. Анасы оның бөлмесі ұнадыма дегенде, ол шіреніп "Болады" деп жауап берді, анасы ренжігендей болды, менің алдымда мақтанғысы келіп еді оның орнына ернін бүгіп, жай ғана кетіп қалды. Осының бәрін көріп таң қалдым, досыма олай істеме дедім, ешкімді тыңдамағанда, ол мені тыңдаушы ма еді. Барыңды барында бағала! Осы күніңді, кешегі не болашақ сен армандағаныңды ұмытпа. Ата-анаңа ғана сен себебі: олар сен үшін бар жақсылықты қалайды, мейлі олар сені тумаса да. Досым сияқты өзің жақсы көретін адамдарға сатқындық жасама, бауырлар бір-бірлеріңді қорғаңдар. Мың досыңнан, бір бауыр артық!Есіңде болсын кім болса да ешкімге сен бе, тек жалғыз Аллаға сен! Кімге сену керектігін білген боларсың деп үміттенемін, ал сенің ортаң қандай?
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі