Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның міндеті, өйткені адамзат онымен тығыз байланысты. Қоршаған орта – біз тұрып жатқан жерден бастап, жұтып жатқан ауаға дейінгі барлық дүниелерді қамтиды. Яғни, ол адамзатқа таза ауа, мөлдір су, құнарлы жер және түрлі өсімдіктер мен жан-жануарларды сыйлады. Алайда адам баласы оның қадірін түсініп, оған қамқор болудың орнына, керісінше, зиян келтіріп, жауапсыздық танытып, ластауда.
Оның дәлелі – соңғы жылдары экологиялық мәселелер бүкіл әлем бойынша өзекті тақырыпқа айналды. Министрліктің ресми жауабына сүйенсек, елімізде жалпы саны 70 елді мекеннің ішінен:
• 8 елді мекен ауаның өте жоғары ластану деңгейіне,
• 23 елді мекен жоғары ластану деңгейіне,
• 29 елді мекен көтеріңкі ластану деңгейіне,
• 10 елді мекен төмен ластану деңгейіне жатқызылған.
Ауаның өте жоғары ластану деңгейіне – Қарағанды, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақсай, Сәтбаев қалалары мен Кеңқияқ кенті кірген. Көшті бастап тұрған Қарағанды қаласының атмосфералық ауасының ластануына жылу электр станциялары мен жеке жылыту секторларынан шығатын түтін және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары әсер еткен. Ал Астана қаласының ауасы қыс мезгілінде көбірек ластанады. Бұған жылу электр станциялары мен жеке жылыту секторларының қарқынды жұмысы себеп болған.
Келесі – Алматы қаласы. Ол әлемдегі экологиясы ластанған 125 ірі қаланың алғашқы бестігіне енген. Экологтардың айтуынша, ауаның ластануына бірінші кезекте автокөліктерден, жылу орталықтары мен кәсіпорындардан тарайтын зиянды қалдықтар себеп.
Ластанудың көтеріңкі деңгейіне жататын 23 елді мекен: Хромтау, Талдықорған, Талғар, Орал, Балқаш, Абай, Теміртау, Атырау, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Түркістан, Өскемен, Риддер, Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара, Арқалық қалалары, Шұбаршы, Мақат, Қарабалық кенттері және Жанбай ауылы. Ластанудың орташа деңгейіндегі 29 елді мекен: Щучинск, Құлсары, Жаңаөзен, Жезқазған, Алтай, Шемонаиха, Семей, Аягөз, Тараз, Шу, Қаратау, Екібастұз, Қызылорда, Арал, Қандыағаш, Жаркент, Кентау қалалары, Бурабай, Бестөбе, Индербор, Састөбе, Әйтеке би кенттері, Ганюшкин, Қордай, Ақай, Бейнеу, Қызылсай, Бөрлі, Шиелі ауылдары. Ластанудың төмен деңгейіне жататын 10 елді мекен: Көкшетау, Степногор, Атбасар, Саран, Ақсу, Жаңатас қалалары, Ақсу, Төретам, Глубокое, Әуезов, СКФМ Бурабай кенттері. Одан бөлек, ормандардың жойылуы, су ресурстарының азаюы, климаттың өзгеруі,көмірқышқыл газының артуы сияқты мәселелер де өзекті. Демек, қоршаған ортаны қорғау – еліміздегі ең маңызды тақырыптардың бірі. Ғалымдардың пікірінше, табиғаттың тепе-теңдігін сақтасақ, экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік бар. Бұл – әр адамның жауапкершілігі.
Қоршаған ортаны қорғау жолдары
Қоршаған ортаны бірден жақсы деңгейге көтере алмасақ та, оны қорғау үшін мына кеңестерді қолдануымыз керек:
1. Қоқысты жерге тастамау, оны сұрыптап жинау.
Пластик, әйнек, қағаз қалдықтарын сұрыптап жинау арқылы қоршаған ортаға келетін зиянды азайтуға болады.
2. Суды үнемдеу.
Суды шамадан тыс пайдалану – тұщы су қорының азаюына алып келеді. Сондықтан суды орынды жұмсау қажет.
3. Электр қуатын үнемдеу.
Артық қосылып тұрған жарықты сөндіріп, электр қуатын үнемдеу арқылы табиғатқа оң әсер ете аламыз.
4. Ағаштарды қорғау және жаңа көшеттер отырғызу.
Ормандар – Жердің өкпесі. Оларды сақтау және көбейту – әр адамның міндеті.
5. Көлік құралдарының зиянын азайту.
Жақын жерге жаяу немесе велосипедпен бару – ауаның ластануын азайтуға көмектеседі.
6. Жан-жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.
Сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз аулауға және сатуға жол бермеу керек.
Егер біз табиғатты қорғамасақ, болашақ ұрпаққа қандай жер қалдырамыз? Қоршаған ортаны қорғау – тек табиғатты сақтау ғана емес, өз денсаулығымыз бен келер ұрпақтың өмірін жақсарту.
Табиғатты қорғау – ортақ парызымыз! Оны қорғау – әр адамның міндеті. Біз қоршаған ортаны аялаған сайын, өз болашағымызды жарқын етеміз!
Сондықтан ойланайық! Қоршаған ортаны құрдымға кетірмей, оны жақсартуға тырысайық. Өйткені табиғаттың тағдыры – өз қолымызда!
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Дарменбай Зейнеп
Гулмира
Керемет
Асель
Жақсы жазылған екен рақмет????
Адилет
Қоршаған ортаны қорғау расымен өз қолымызда
Қуаныш
Зейнеп өте жақсы жазылған