Білім адам баласына керек ең басты дүниелердің бірі. Себебі өмірде жеткен кез келген жетістігіңнен бір сәтте айырылып қалуға болады. Ал миға сіңірген біліммен өмір жолыңда бір рет жеткен жетістікке тағы да жетуге болады. Қай заманның ғалымын алсаңда білімге ізденіске шақырады, ол бекер емес, себебі білімнің берері көп.
Білімнің қара шаңырағы атанған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, көпшіліктің білім алу жолындағы армандайтын университеті. Ал, мен өзімнің қызығушылығымды зерделей келе, экономика саласы қызықтырған соң, ҚазҰУ-ің Экономика және бизнес жоғары мектебі, Экономика білім беру бағдарламасында оқып жатырмын және осы университетте оқып жатқанымды мақтан тұтамын!
Мектеп бітірген барлық жастардың басты арманы ол еліміздегі ірі мегаполис Алматы қаласына оқуға түсу. Менің де арманым Алматыға оқуға түсу болған. Соның ішінде Қазақстанның Жоғарғы оқу орындарының ішіндегі көшбасшы Қазақ ұлттық университетінде оқу болатын. Жас түлекке берілетін 4 таңдаудың 3 еуіне осы университетті жазып, алғашқы таңдауыммен өз қалаған мамандыққа грантпен оқуға түстім. Қуанышпен кеше ғана Алматыға келіп құжат тапсырып, оқу бастаған сияқты едік, бүгін міне 1 курсты да аяқтап қалыппын.
Бұл университетке оқуға түскеніме неге өкінбеймін? Себебі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқа университеттерден ерекшелігін ауыз толтырып айта беруге болады. Мәселен, университет қалашығында заманауи оқу корпустары, ғылыми инфрақұрылым, интернет-орталық, фуд-корт, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студенттер сарайы, әскери кафедра, жүзу бассейні, жас ғылымдар үйі бар. Оның ішінде ең ерекше атап өтетіні ҚазҰУ кітапханасы - Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен, ізденіске құштар қауымның сүйікті мекені. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары, элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Сол үшін де кітап оқып ұзақ отыра беруге де болады. Сондай ақ, мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта-ақ тексеріп алуына болады.
Университетте студенттердің өзін-өзі басқаруы және студенттер құрған 100-ден астам клубтар мен қауымдастықтар бар. Олар ғылымидан спорттыққа дейін жылына жүздеген іс-шараларды өткізеді. Бұл студенттерге келешекте қоғам өміріне белсене араласуға қазірден дайындығы десек те болады. Өйткені ұйымдар әртүрлі бағытта жұмыс жасап, түрлі салада жетістікке жетуге көмектеседі.
Түйме Жаңылай Ерболатқызы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Экономика және бизнес жоғары мектебі
«6В04103- Экономика» БББ 2-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі