"Ұлы Отан соғысының Қазақстанға
тигізген тарихи және рухани маңызы"
Ұлы Отан соғысы – Қазақстан үшін тарихи оқиға ғана емес, елдің тағдырына орасан зор ықпал еткен ауыр кезең. Бұл кезеңде Қазақстан халқы тек майдандағы ерлігімен ғана емес, тылдағы ерен еңбегімен де ерекшеленді. Қазақстандықтардың майдандағы және тылдағы қажырлы еңбегі жеңістің шешуші факторы болды. Мақалада осы соғыстың Қазақстанға тигізген әсері, соғыс нәтижелері және оның халықтың санасына, болашағына әсері туралы өз ойларымды жүйелеп баяндауға тырысамын.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Кеңес Одағының барлық республикалары сияқты Қазақстан да фашистік Германияға қарсы күреске жұмылдырылды. Соғысқа дейін Қазақстанның халқы шамамен 6 миллионнан асқан болатын. Соғыс басталғаннан кейін Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан астам адам әскер қатарына алынып, майданға жіберілді. Бұл дегеніміз, әрбір бесінші қазақстандық майданда болды деген сөз. Олардың 600 мыңнан астамы қаза тапты немесе із-түзсіз жоғалды.Бұл дерек тек сандарды ғана емес, халықтың шыдамдылығы мен қайсарлығын көрсетеді. Қазақстандық жауынгерлер майданда ерекше ерлік пен табандылық көрсетті. Кеңес Одағының Батыры атағын алған 500-ге жуық қазақстандықтарымыз бар.Мысалы, арасынан Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды батырлардың есімдері халық жадында мәңгілікке сақталды.Ал,Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған қазақстандық ұшқыштар қатарына Талғат Бигельдинов,Леонид Беда,Сергей Луганский,Иван Павлов сияқты ұшқыштарымызды жатқызуға болады.Қазақстандықтар майданда ғана емес, тылда да үлкен еңбек етті. Соғыс жылдары Қазақстан Кеңес Одағының маңызды азық-түлік және әскери өнеркәсіп орталықтарының бірі болды. Қазақстандықтар тек ауыл шаруашылығымен ғана емес, өнеркәсіп саласында да белсенді еңбек етті. Мұнай, көмір, металл өндірісі қарқынды дамып, майданға қажетті құрал-жабдықтар, техника өндірісі ұлғайды. Соғыс кезінде Қазақстанда 300-ден астам жаңа өндіріс орындары ашылды, бұл ел экономикасының соғыс жағдайына бейімделгенін көрсетеді.Ауыл шаруашылығы өнімдері де майданға маңызды көмек болды. Соғыс жылдарында Қазақстаннан майданға 30 миллион пұт астық, 15 миллион пұт ет, 3 миллион литр сүт жөнелтілді. Тылдағы халық майданға тек азық-түлік емес, рухани қолдау да көрсетті. Майдандағы сарбаздарға сәлемдемелер жіберіліп, халық өз күшімен оларды барынша қолдауға тырысты.Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары Қазақстан экономикасы, мәдениеті және ғылымы жаңа деңгейге көтерілді. Соғыс кезінде елге көшірілген зауыттар мен фабрикалар соғыстан кейін Қазақстанның өнеркәсібін дамытуға септігін тигізді. Құрылыс, металлургия, химия өнеркәсібі дамып, Қазақстан Кеңес Одағының өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды.Соғыстың тағы бір нәтижесі – халықтың патриотизм сезімінің артуы. Қазақстандықтар соғыстағы жеңіске үлкен үлес қосқандарын түсініп, өздерінің ел алдындағы борыштарын өтегендерін мақтан тұтты.
Менің ойымша, Ұлы Отан соғысы Қазақстан үшін тек тарихи оқиға ғана емес, халықтың бірігуі мен ынтымағының ең үлкен сынағы болды деп есептеймін. Соғыстың Қазақстан үшін ерекше маңызы – халықтың қиын жағдайда қалай біріге алатындығында. Қазіргі заманда да халықтың бірлігі, ұлттық мақтанышы соғыс жылдарында қалыптасқан деп ойлаймын. Мысалы, Бауыржан Момышұлы секілді батырлардың өмір жолын қарасақ, олар тек әскери шеберлігімен ғана емес, ұлттық рухты көтерудегі көшбасшылығы арқылы халықты біріктіре білді.Сонымен қатар, соғыс тылдағы халыққа да үлкен сабақ болды. Ауылдарда ер азаматтар майданға кеткен кезде әйелдер, балалар, қарттар барлық шаруаны өз мойнына алды. Мұның өзі қазіргі заманғы еңбекқорлық пен шыдамдылықтың іргетасын қалады деп ойлаймын. Менің ойымша, қазақстандықтардың бүгінгі табандылығы, кез келген қиындықты еңсеруге деген дайындық осы кезеңнен бастау алады.Мысал ретінде өзімнің жақындарымнан естіген оқиғаларым да бар. Әжем соғыс жылдарында ауылда ауыр еңбектің бәрін әйелдер мен балалар атқарғанын айтатын. Олар егін салып, мал бағып, майданға жіберілетін азық-түлік дайындаған. Сол кезеңде адамдардың тек физикалық күштері ғана емес, рухани төзімділіктері де сыналған. Осындай үлгілер маған халықтың қандай қиындыққа да төзе алатынын дәлелдейді.Тағы бір өз ойым – соғыстың салдары қазіргі заманғы Қазақстанның тәуелсіздігіне тікелей әсер еткендігі. Соғыстағы ерлік пен қажырлылық кейінгі ұрпаққа үлгі болып, Қазақстан тәуелсіздік алған кезде де маңызды рөл атқарды. Соғыс кезінде қалыптасқан патриотизм сезімі, бірлік, ұлт ретінде сақталып қалу құндылықтары тәуелсіздіктің негізі болды деп есептеймін. Мысалы, егер соғыстағы жеңіске үлес қосқан батырлар болмаса, Қазақстанның өзіндік ұлттық мақтанышы мен елдік санасы әлсіз болар еді.Бүгінгі күннің тұрғысынан қарасақ, Ұлы Отан соғысының маңызы тарих сабағы ретінде бағаланады. Соғыс кезіндегі ерлік бүгінгі ұрпаққа елімізді қорғау, оны дамыту және ел ішінде бірлік сақтау қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.маңызды болды.Сонымен қатар, Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолында да бұл соғыстың маңызы зор болды. Соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың батылдығы мен еңбекқорлығы кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі болды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында халықтың осы тарихи тәжірибесі маңызды рөл атқарды.
Қорытындылай келе, Ұлы Отан соғысы Қазақстан үшін маңызды тарихи кезең болып қана қоймай, ұлт ретінде қалыптасуымызға, бірлік пен төзімділікке үйреткен ұлы сабақ болды. Соғыстың қасіреті мен ауыртпалығы халықтың күш-жігерін шыңдап, қиын сәтте ел болып жұмылуға үйретті. Майдандағы қазақстандық батырлардың ерлігі, тылдағы халықтың ерен еңбегі бүгінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі.Соғыс жылдарында қалыптасқан патриотизм, қайсарлық және бірлік бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда да маңызды рөл атқарды деп сенемін. Осы кезеңнен алынған тәжірибе бізге қазіргі қиындықтарды жеңуге, елді алға жетелеуге күш беретін басты құндылықтар ретінде сақталып келеді. Ұлы Отан соғысы Қазақстанның тарихында қайталанбас орын алып, халқымыздың рухын көтеретін, алға ұмтылдыратын үлкен күшке айналды.
- Бегалы Амина
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі