Қолөнер бұйымдарын жасағанда халық шеберлері түрлі асыл тастар, маталар мен металдарды пайдаланған.
Асыл тастар: айтас, жақұт, лағыл, інжу, маржан, гауһар (жауһар), көріктас (құбылтас), меруерт, зүбаржат, керемет тас, зүмірет, яшма, ақық, янтарь, асфар, фируза, малахит, сердолик, мыс, алтын.
Материалдар: мәрмәр, құлпырма тас, жылтыр тас, қыстас, әктас (бояу), ақтас (бояу), сутас, көктас, замартас, тас, ләуліктас, беріктас, жосатас (бояу).
Металдар: алтын, күміс, алюминий, темір, қорғасын, жез, мыс, шойын.
Маталар:
сырт киімдік, бағалы маталар: барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, мәндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, ұштап, тібен, шұға, мана, драп, манат, масаты, бұйдас, зипуын, қасапдар, қаламы, қымқап, шибарқыт.
жібек маталар: күләнкөр, батсайы, тапта, шәйі, кәнауыз, кәніпас, күлдәрі, сәрпіңке, торғын, қырмызы, маңлұқ, кәріс, қатипа, сәндіп, торқа, атлас, құлпы, мыңсым.
жұқа маталар: зон, бомази, сыңсыма, сиса, тек, құмаш, айлас, ақсұп, шағи, зәріп, кәнәп, дабы, сәтен, бәтес, саржа, тайғақ.
арзанқол маталар: ләмбөк, ләстік, шыдаған, бөз, сұрып, күн-түн, меткетон, дәке, кенеп, сұпы, тептік, тібен, тік, үлдірік, шөжім, шыт, ақзу, сәлдебөз, кездеме, күліш.
Басқа заттар: ағаш, тобылғы, арша, ши, қоға, жүн, қамыс, тал, сыр, қына (бояу), тарамыс, шыны, тоз (қайың қабығы), жыланның бас сүйегі, үкінің тұяғы, қауырсыны, мал, аң терісі, құс жүні, түбіт, бояу, бор, желім, саз, көмір, піл сүйегі (дандан), киік сирағы, сүйек, мүйіз, тұяқ, от, қоламта, су, ешкі ішегі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі