Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) қоғамның айнасы ретінде шынайылық пен объективтілік қағидаттарын ұстануы тиіс. Бұл ретте журналистиканың кәсіби этикасы маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасында журналистік қызметтің этикалық шеңберін реттейтін негізгі құжаттардың бірі – 2012 жылғы 30 қазанда қабылданған «Журналистің этикалық кодексі». Бұл кодекс журналистердің моральдық-этикалық қағидаттарын айқындап, олардың кәсіби қызметінің негізгі нормаларын белгілейді.
Журналистің негізгі моральдық-этикалық қағидаттары
Журналист этикасы тек ақпарат таратумен ғана шектелмейді, ол қоғамдық сананы қалыптастырып, көпшілікке әсер ететін күшке ие. Кодексте журналистің ұстануы тиіс басты моральдық қағидаттар көрсетілген:
1. Шыншылдық және объективтілік – журналист ақпаратты бұрмаламай, нақты әрі шынайы жеткізуі керек. Фейк жаңалықтарға жол бермеу – кәсіби адалдықтың белгісі.
2. Бейтараптылық және әділдік – қандай да бір мүдделік топтардың ықпалында кетпей, барлық тараптардың пікірін теңдей қамту қажет.
3. Қоғамдық мүддені қорғау – журналистердің басты міндеті – қоғам игілігіне қызмет ету, жалған немесе арандатушылық материалдардан аулақ болу.
4. Жеке өмірді құрметтеу – азаматтардың жеке деректерін қорғау және олардың ар-намысына нұқсан келтірмеу маңызды.
Журналистік қызметтің кәсіби нормалары
Журналист этикасы тек моральдық қағидаттардан ғана емес, нақты кәсіби қызмет нормаларынан да тұрады:
• Ақпарат көздерін тексеру – әрбір жарияланған материал ресми дереккөздерге немесе сенімді мәліметтерге негізделуі тиіс.
• Авторлық құқықты сақтау – журналист өзге авторлардың еңбегін пайдалану кезінде сілтеме жасауға міндетті.
• Манипуляциядан бас тарту – қоғамдық пікірді әдейі өзгертуге бағытталған ақпараттық шабуылдарға қатыспау керек.
• Тіл мәдениетін сақтау – журналистер әдеби тіл нормаларын сақтап, сөздерін дұрыс әрі түсінікті жеткізуі қажет.
Журналистика – үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. «Журналистің этикалық кодексі» БАҚ өкілдерінің кәсіби шеңберін айқындап, олардың моральдық-этикалық жауапкершілігін күшейтеді. Кодекстің талаптарын ұстану – журналист беделінің кепілі ғана емес, сондай-ақ қоғам алдындағы адалдығының да дәлелі. Сондықтан әрбір журналист өз қызметінде шыншылдық, бейтараптық және әділдік қағидаттарын басшылыққа алуы қажет.
Ахмарова Нұрай, Журналистика факультетінің 3-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Жақсылықбаева Римма
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі