Өлең, жыр, ақындар

Түркиядағы Сабинаның өмірі

Сабинаның Түркия еліне Стамбулға келгеніне жақында 3 жыл болады. Түркия еліне келген себебі:білім алу. Қазіргі уақытта Сабина Стамбулдағы «Топкапы» дейтін университетте Архитектура мамандығында 2 курс студенті. Ол өзінің оқу орны туралы былай айтып кетті: «Бастапқы курстар болған соң қатты қиын деп айта алмаймын. Маған барлығы ұнайды, мұғалімдердің саған деген қарым-қатынасы жақсы, барлық нәрсені жұмсақ түрде түсіндіреді. Біздің елдегі университеттерге қарағанда түсіндіру тактикасы басқа, сыныпта бостандық сезінесің, қаталдық, тыйым салу жоқ. Мамандығым архитектура, бірінші курста аса қатты ауыртпашылық салмай, оңайынан бастады, енді жайлап қосылып жатыр. Мамандыққа қатысты сабақтардан басқа түрік/әлем/өнер тарихтарын оқимыз.» Сабина университеттен тыс уақытта Стамбулдың әдемі, көрікті жерлерін аралайды. Ол Стамбулдағы өмірін былай сипаттады: «Сабақтың онлайн күндері боспын, сол кезде көбірек қыдыруға тырысамын. Айналамдағы әдемілікті толықтай аралап, көргім келеді. 2 жылдан бері араласам да таусылар емес. Әдемі жерлерге, сүйіп көретін түрік сериалдарының түсірілімдеріне барған ұнайды.» 

Көптеген адамдар Стамбулды қымбат, тек қыдырып баратын жер деп айтып жатады. Сабинаның айтуынша: «Негізі ол адамның өзіне байланысты, мысалы, менің шығыным Қазақстандағы студенттің шығынымен бірдей.» - деді.

Сабина түріктердің өзге ұлт өкілдеріне қарым қатынасын былай сипаттап кетті: «Түріктердің бізге деген қарым-қатынасы жақсы, бірақ әрине барлығының емес, әртүрлі адамдар бар ғой не дегенмен. Толықтай мінсіз деп ойлаудың керегі жоқ».

Сабинаның сипаттауынша: «Стамбул ең әдемі қалалардың бірі. Қарасаң көзін тоймайтын, әдемі, ерекше қала.Мен осындай керемет қалада, елде оқитыныма еш өкінбеймін. Қайтадан ел арасында таңдау болатын болса еш ойланбастан Түркияны таңдар едім. Маған үйренісіп кету қиын болған жоқ. Кейбір таныстарыма қиын болып, оқи алмай, үйренісе алмай қайтып кеткендері де бар. Айтқанымдай, ол адамға байланысты, әркімге әртүрлі әсер етеді. Осындай мүмкіндік сыйлаған ата-анама үлкен алғысымды айтамын! Түркияда оқу мүмкіндігіңіз болып жатса,еш қорықпай келіп көрсеңіз болады.»- деп сөзін аяқтады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар