Өлең, жыр, ақындар

Қоғамдық мәселелер

21 ғасырда қоғамдық мәселелердің саны артып келеді. Барлық мәселелердің нақтылығын білу үшін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Менің зерттеуім де қоғамдық мәселелерге арналған. Оларды атап айтқанда:

 • Отбасылық мәселелер;

 • Әлеуметтік мәселелер;

 • Тұрғын үй мәселелері;

 • Қоршаған орта мәселелері және тағы басқалар.

     Статистика бойынша, әлемдегі ажырасу деңгейі ең жоғары мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда ажырасу деңгейі бойынша әлемде бірінші орынға ие. Әлеуметтік мәселелердің бірі – ғаламтордың әсері. Қазіргі таңда TikTok пен Instagram-ды жас бала да, қария да қолданады. Олар күніне орта есеппен 7-8 сағат әлеуметтік желілерде уақыт өткізеді. Тұрғын үй мәселесі – әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең ауқымдысы болып табылады.

    Қазақстан Республикасының жаңалықтарына сүйенсек, еліміз ішімдіктен өлім деңгейі бойынша жоғары елдер рейтингісінде 10-шы орында тұр. Маскүнемдіктің басты себептері – жұмыссыздық, отбасылық мәселелер, қызғаныш және кедейшілік. Көшеде мас күйінде жүрген адамдардың санының үлесі орта жастағы адамдарда 60%-ды, ал қарт адамдарда 25%-ды құрайды. Бұл жағдай әлеуметтік мәселелердің орта жастағы, жасөспірімдердің қиындықтардан оңай жол таба алмауына алып келеді, оның салдары – нашақорлық пен ішімдікке әкеледі.

    Әлеуметтік мәселелердің әсері жас балалардың денсаулығына да айтарлықтай кері әсер етеді. Қазіргі таңда кейбір 2-3 жастағы балалардың өзінде смартфон бар және олар интеллектуалды ойындарға, соның ішінде YouTube-қа қызығушылық танытады. 1-10 жас аралығындағы балалардың түрлі заттарға қызығушылығын дамыту қажет, өйткені жас кезден еңбекке баулыған баланың болашағы жарқын болмақ.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Таджибой Әсел


Пікірлер (2)

Жансая

Керемет????????

Азамат

Қазіргі қоғамдағы мәселелерді ашық айтқан

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер