Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандағы жұмыссыздық азая ма?

Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі.

Қазіргі таңда Қазақстанда диплом бойынша жұмыс істеп жүрген азаматтарға қарағанда, жұмыс таба алмай жүргендердің саны көп. Неге жұмыссыздық мәселесі барған сайын ушығып барады? Диплом алып, өз біліктілігін көрсеткісі келетін азаматтардың уақытша жұмысқа тұрудан басқа амалы жоқ.

Жұмыссыздықтың негізгі себептері:

• Ауылдық өңірлерде жұмыс орындарының жетіспеушілігі:

Ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейі 4,7% болса, қалаларда 4,6%. Бұл ауыл тұрғындары үшін жұмыс орындарының жеткіліксіз екенін көрсетеді.

• Өзін-өзі жұмыспен қамту:

2024 жылдың IV тоқсанында жұмыспен қамтылғандардың 23,4%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болды. Бұл тұрақты табыс пен әлеуметтік кепілдіктердің болмауына әкелуі мүмкін.

• Парақорлық:

Кейбір жұмыс орындарында билігін асыра пайдаланатын басшылар жас мамандарды жұмысқа алу үшін пара талап етеді. Бұл – еңбек жолын енді ғана бастаған мамандарды қанау.

• ЖОО-да алған біліміне сәйкес түлектерді жұмысқа орналастыру жүйесінің ұйымдастырылмауы.

• Еңбек нарығына қажетті мамандар мен ЖОО-да оқытылатын мамандықтардың сәйкес келмеуі.

• Жұмыс берушілердің еңбек өтілінсіз жұмысқа алмауы.

Статистика не дейді?

2024 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда жұмыссыздар саны 448,2 мың адам болды. Бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға көп, деп хабарлайды Finprom орталығы.

Жұмыссыздардың 211,1 мыңы – ер адамдар, 237,1 мыңы – әйелдер. Ең көп жұмыссыздар Алматы қаласында тіркелген: 51,9 мың адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға көп. Екінші және үшінші орында – Түркістан (40,9 мың адам) және Алматы (35,5 мың адам) облыстары.

Жұмыссыздар саны ең аз өңірлер: Ұлытау (4,2 мың адам), Солтүстік Қазақстан (13,1 мың адам) және Абай (14,5 мың адам) облыстары.

Жұмыссыздықтың басты себебі – жұмыс таба алмау. 2024 жылы 112,6 мың қазақстандық осындай жағдайға тап болған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 37,9%-ға артқан.

Мәселені шешу жолдары

• Мемлекеттік бағдарламалар:

Жастарды қолдау мақсатында арнайы бағдарламалар мен заңдар қабылдануда.

• Ауылдық аймақтарды дамыту:

Ауыл тұрғындары үшін инфрақұрылымды жақсарту және жаңа жұмыс орындарын ашу шаралары қолға алынуда.

• Кәсіпкерлікті дамыту:

Мемлекет кәсіпкерлікті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беруде.

• Білім беру мен қайта даярлау:

Жұмыссыздарды қайта оқыту және біліктілігін арттыру үшін түрлі бағдарламалар іске асырылуда.

Жұмыс – тек күнделікті нәпақа табу құралы емес. Ол – мемлекетке тигізетін ықпалың, қоғамдағы рөлің, әрі өз біліктілігіңді дәлелдейтін шағын жарыс алаңы. Сондықтан жұмыссыздық мәселесіне әрбір тұлға бейжай қарамауы қажет. Әрине, мемлекет бұл мәселені шешуге тырысуда. Дегенмен, ел азаматтары да әрекет етсе, жұмыссыздықты азайту – әбден мүмкін.

 

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Дарменбай Зейнеп


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар