Өлең, жыр, ақындар

Топ-5 ең жас ойыншы

  Футболда жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүрген жастар қатары күн өткен сайын артып келеді. 2025 жылы дараланып жүрген TOP-5 ең жас әрі ойын мәнерімен ерекшеленген футболшылар тізіміне төмендегі ойыншыларды қосуға болады.

1. Ламин Ямаль

18 жастағы ойыншы өз буынынан екі қадам алда тұрған ерекше талант. Еуропаның үздік клубтарының бірі — FC Barcelona сапында, сондай-ақ Испания ұлттық құрамасында ойнайды. Оның жылдамдығы, дриблингі және шабуылдағы агрессиясы қарсыластың кез келген қорғаушысын тығырыққа тірей алады.

2025 жылғы маусымда: 10 ойын — 5 гол, 7 ассист.

2. Уоррен Заир-Эмери

Жас әрі перспективалы жартылай қорғаушы, қазіргі таңда Paris Saint-Germain (PSG) клубының негізгі ойыншыларының бірі. Ол ересектер арасындағы дебютін небәрі 16 жасында жасап, клуб тарихындағы ең жас ойыншы ретінде рекорд жаңартты. Физикалық қасиеттері ерте қалыптасқандықтан, болашағынан зор үміт күттіретін футболшылар қатарына кірді.

3. Дастан Сатпаев

Қазақстан футболында жарқ етіп келе жатқан жас дарын. 2008 жылы 12 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда “Қайрат” футбол клубының үздік жас шабуылшыларының бірі. Өз тәртібі, алға ұмтылысы және еңбекқорлығымен ерекшеленеді.

2025 жылғы маусым қорытындысы: 14 гол, 5 ассист, ал командасы чемпион атанды.

4. Эстевао

Бразилиялық өте жас шабуылшы, Chelsea FC клубының ойыншысы. 2024 жылы алғаш рет Бразилия ұлттық құрамасына шақырылды, ол кезде жасы небәрі 17-де еді. Соңғы жылдары тұрақты түрде жақсы ойын көрсетіп, негізгі құрамдағы орнын нығайтты. Сарапшылар мен жанкүйерлер оны жас болса да, аса жарқын талант ретінде бағалайды.

5. Кенан Йылдыз

Түркия футболының жаңа жұлдызы. Ол Juventus клубы мен Түркия ұлттық құрамасында өнер көрсетеді. 2023–2024 жылдардан бастап Ювентустың негізгі құрамына шақырылып, клуб тарихындағы ең жас шетелдік гол соққан ойыншылардың біріне айналды. Оның стилі — техникалық шеберлік, дриблинг және дәл соңғы соққымен ерекшеленеді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Молдаханұлы Досымжан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз