XXI ғасырдың күрделі экологиялық мәселелерінің бірі – су тапшылығы. Су – адам өмірінде ауадан кейінгі ең қажетті ресурс, онсыз тіршілікті елестету мүмкін емес. Су мәселесі көптеген елдерде миллиондаған адамның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ экономикалық жағдайына тікелей әсер ететін факторға айналды. Сондықтан бұл мәселе бойынша дүние жүзі алаңдаулы және су тапшылығын шешудің жолдарын жан-жақты қарастыруда.
Су – Жер шарының үштен бір бөлігін алып жатқанымен, тұщы су ресурстары өте шектеулі. Тірі ағзалардың 60-70 пайызы, ал өсімдіктердің 90 пайызы судан тұрады. Демек, су тапшылығының салдарынан қазіргі таңда көптеген халық пен табиғат зардап шегіп отыр.
Статистика не дейді?
БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығынан зардап шегуде. Сарапшылардың бағалауынша, әлемде 780 миллионнан астам адам таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Ал 1,7 миллиард адам тұщы суға мұқтаж. Таза судың жоқтығы мен антисанитариялық жағдайдың салдарынан жыл сайын мыңдаған адам көз жұмады. Су тапшылығының басты себептері – климаттың өзгеруі, тұщы су экожүйелерінің ластануы, адам әрекеттері, урбанизация және жерді тиімсіз пайдалану. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, 2050 жылға қарай адамзат су мен азық-түлікке 20 пайызға көбірек мұқтаж болады. Жер асты суларына үлкен салмақ түсетіні туралы мамандар дабыл қағуда. Олардың зерттеуінше, алдағы 50 жыл ішінде жер асты суларын тұтыну үш есеге артады. Егер жер бетінде су қалмаса, құрлықтағы және мұхит түбіндегі жасыл өсімдіктер жойылады. Ауадағы ылғалға сүйенетін сирек өсімдік түрлері ғана сақталып қалуы мүмкін. Жауын-шашын мен бұлттардың пайда болуы тоқтап, ауа райын тек жел ғана анықтайтын болады.
Су тапшылығының негізгі себептері:
Климаттың өзгеруі – жауын-шашын мөлшерінің азаюы, жердің құрғауы;
Инфрақұрылымның ескіруі – су жүйелеріндегі ақаулар;
Судың ластануы – лас суды өңдеп, қайта пайдаланбау;
Халық санының өсуі – пайдаланылатын су көлемінің артуы;
Өндіріс пен ауыл шаруашылығында суды тиімсіз пайдалану.
Су мәселесін шешу жолдары:
Ұлттық гидрогеология қызметін құру – жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу;
Суды үнемдеп пайдалану;
Ластанған суды тазарту және қайта пайдалану технологияларын дамыту;
Халықаралық ынтымақтастықты күшейту, әсіресе трансшекаралық өзендерге қатысты;
Тиімді су басқару саясатын енгізу.
Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамдарының шындыққа айналмауы үшін, қалыптасқан жағдайды өзгертіп, әрбір адам бұл мәселеге бейжай қарамауы керек.
Егер бүкіл әлем халқы мен өндіріс орындары бір қолданылған суды қайта пайдалану технологияларын енгізіп, жоғарыда айтылған кеңестерді қолданатын болса, су тапшылығы өзекті мәселе болудан қала алады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Дарменбай Зейнеп
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі