Бүгінгі таңда Қазақстанда ең жиі талқыланатын мәселелердің бірі — ауыл мен қала арасындағы білім сапасындағы теңсіздік. Бұл — тек статистикадағы сандар емес, бұл — мыңдаған баланың тағдырының басталуы,мыңдаған арманның сынға ұшырайтын сәті.Сондықтанда бұл мәселе ұмыт болып қалмауы керек. Ауылдағы білім — мүмкіндік пе, шектеу ме?
Қазақстан Республикасының мектептерінің 41%-ы ауылдық жерде орналасқан.Ауылдық жерде әрине білім алу мүмкін,бірақ та оған қажетті жағдайлар аз және барлық өңірлерде қамтылмаған.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (қазіргі Ғылым және жоғары білім, және Оқу-ағарту министрліктерінің) дерегіне сүйенсек, ауыл мектептерінің 40%-ында интернет сапасы төмен, ал әр төртінші мектепте пән мұғалімдері жетіспейді.Бұл көрсеткіштің өзі көп затты айқын жеткізеді деп ойлаймын.Себебі ауылдық жер болсын,қалалық жер болсын,қазіргі ХХІ-ші ғасырда өңірге қарамастан,оқып-білім алушыларға барлық жағдай жасалынуы керек.
Ал қаладағы білім ше?
Мысалы, Астана мен Алматыдағы мектептерде оқушылар робототехника, 3D модельдеу, IT-сыныптар мен ағылшын тіліндегі дебат клубтарына қатысады. Бұл — заманауи мүмкіндіктерге жол ашатын орта. Бірақ, өкінішке қарай, мұндай жағдай ауылдағы балалардың бәріне қолжетімді емес.Сол себептенде қалада білім алушыларда болашаққа деген мүмкіндіктер өте жақсы жасалынған және күннен күнге заман ағынымен бірге дамып келе жатыр.
Неге теңсіздік туындайды?
Бұл сұрақ көптің көкейінде туындайды,бұл теңсіздің орын алауының бірнеше себебі бар:
1.Инфрақұрылым тапшылығы. Ауыл мектептерінің көбінде заманауи жабдықтар, зертханалар мен интернет желісі жоқ.Ауыл мектептерінің 58%-ы ғана интернет желісімен қамтамасыз етілген,бұл әрине ауыз толтырып мақтанатындай көрсеткіш емес. Бұл қолайсыз жайттар оқушыларды көп ақпараттарды алудан айырады.
2.Мұғалім тапшылығы. Жалпы Қазақстанда 15 мыңнан астам мұғалім жетіспейді, оның 70%-ы — ауыл мектептеріне қажет мамандар.Жас мамандар ауылға барғысы келмейді, себебі жалақы аз, тұрмыс жағдайы қиынырақ.Кейінгі кездері ауылға ағылып,шын ниеттен барғысы келетін жас мамандар сиреп бара жатыр.Барлығы дерлік жаңа техникасы бар,жағдайы жасалған мектептерге жұмыс істегісі келеді.
3.Білім ресурстарына қолжетімділік.
Қалада қосымша курстар, репетиторлар мен дайындық орталықтары көп,және тіпті мектептерде де,қосымша ағылшын пәнінен арнайы тіл мамандарын шақыртып балаларға тіл үйренуге көп мүмкіндіктер жасайды.Ал ауылда-қосымша курстар түгілі,күнделікті сабақтың өзі әрең өтіледі.Сол себептенде қалалық оқушыларға мектептер өте көп мүмкіндік жасап, олардың білімдерін мейілінше шыңдайды.
4.Әлеуметтік орта.
Қала мектептерінің оқушылары техниканың жақсы дамығанының арқасында әлемдік жаңалықтарға өте тез қол жеткізе алады.Ал ауылдық жерде техниканың артта қалуына байланысты олар тек оқулықпен және мұғалімнің мәліметтерімен ғана шектеледі.
Бұл мәселені шешу жолы бар ма?Оны қалай шешу керек?
Әрине бар,ол үшін жүйелі және шыныменде халыққа бағытталған саясат керек. Ең алдымен әрине интернет пен цифрлық инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлінуі керек.«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамту — бірінші қадам болуы керек.Бұл дегеніміз тек қана мектептермен шектеліп қалмай,бүкіл ауылды интернетпен қамтамасыз ету керек.Ал екіншіден мүғалім мәртебесін арттыру.Ауылдық жердегі мамандардың айлығын көтеріп,тұрғын үймен қамтамасыз ету сынды қосымша мұғалімдерге жағдай жасау керек.Сол кезде жас мамандардың ауылдық жерде жұмыс жасауға ынталары ашылып қалмақ.
Ауыл мен қала арасындағы білім теңсіздігі — жай ғана әлеуметтік мәселе емес, бұл — ұлттық дамудың көрсеткіші. Әрбір ауыл баласы сапалы білімге қол жеткізе алғанда ғана Қазақстан шын мәнінде көп маманы бар ел болады. Себебі білім — болашақтың кілті, ал ол кілт ешкімге жабық болмауы тиіс!
Андалиева Айдана-Тұран университеті(журналистика-1шы курс студенті
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі