Өлең, жыр, ақындар

Экология мәселесі

Экология — адамзаттың болашағына жауапкершілік

 

Қазіргі заманда экология мәселесі бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы, ауа мен судың ластануы, орман-тоғайлардың азаюы — мұның бәрі адамзат әрекетінің салдары. Экологиялық ахуалдың нашарлауы тек табиғатқа ғана емес, адамның денсаулығы мен өмір сапасына да кері әсер етуде.

Қазақстанда да экологиялық жағдай көңіл қуантарлық емес. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы әлемдік деңгейдегі экологиялық апаттардың бірі. Сонымен қатар, Балқаш көлі, Каспий жағалауы, Қаратау аймағы мен Теміртау қаласының ауасы, Жамбыл облысындағы өндірістік қалдықтар да ел экологиясына кері әсер етуде. Бұған қоса, қоқыс полигондарының көбеюі, пластик қалдықтардың жиналуы мен судың ысырапсыз қолданылу мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр. Арал теңізінің тартылуы, өндіріс орындарының зиянды қалдықтары, пластик қалдықтардың көбею мәселелерінің шешімін қажет етеді. Мысалы, ауа сапасының төмендеуі респираторлық аурулардың артуына себеп болуда.

Экологияны сақтау — әр адамның міндеті. Табиғатты қорғау тек мемлекетке ғана емес, бүкіл қоғамға ортақ іс. Қоқысты сұрыптау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу сияқты қарапайым әрекеттер үлкен өзгеріске жол ашады.

 

 

Бүгінгі таңда экология мәселесі — адамзат алдындағы ең өзекті әрі маңызды проблемалардың бірі. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, урбанизация, өндіріс орындарының көбеюі мен адамның табиғатқа деген ұқыпсыз қарым-қатынасы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соқты. Бұл жағдай жер шарының барлық аймақтарына әсер етіп, климаттың өзгеруіне, ауаның, судың, топырақтың ластануына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жойылуына себеп болуда.

 

Экологияны қорғау тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың борышы екенін ұмытпауымыз қажет. Әр адам күнделікті өмірде кішкентай болса да экологиялық сауатты әрекеттер жасауы тиіс. Мысалы, суды үнемдеп пайдалану, электр қуатын босқа жағпау, қоқысты сұрыптап тастау, қоғамдық көлікті жиі қолдану — осының барлығы табиғатты сақтауға бағытталған нақты қадамдар.

 

Қорытындылай келе, экология — бүгін ғана емес, ертеңгі болашақ үшін де маңызды. Табиғатты сақтау — келер ұрпаққа аманат. Сондықтан біз бүгіннен бастап саналы әрекет жасап, Жер-анамызға жанашырлықпен қарауымыз қажет.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар