Өлең, жыр, ақындар

Ана тілі ұлт болмысының тірегі

Ана тілі – ұлт болмысының тірегі Ана тілі – әр ұлттың рухани жаны, тарихы мен мәдениетінің айнасы. Тіл – ұлтты ұлт ететін, оны өзгеден ерекшелейтін басты құндылық. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қанатты сөздің астарында терең мағына жатыр. Ана тіліне деген құрмет – туған жерге, ата-бабаға, ұлтқа деген шынайы сүйіспеншіліктің белгісі. Қазақ халқы – терең тарихы мен бай мәдениеті бар халық. Сол мәдениеттің жүрегі – қазақ тілі. Тіл арқылы ұрпаққа салт-дәстүр, әдет-ғұрып, даналық сөздер мен ұлттық тәрбиенің негізі жеткізілген. Асан қайғы мен Бұқар жыраудан бастап, Абай мен Мұқағалиларға дейінгі сөз зергерлерінің мұрасы да – тілмен өрілген баға жетпес байлық. Сондықтан да ана тіліне немқұрайлы қарау – сол байлықты, сол тамырды қиғанмен тең. Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесін көтеру – маңызды міндеттердің бірі. Қуантарлығы – соңғы жылдары мемлекеттік тілді дамыту бағытында түрлі шаралар қабылданып жатыр. Алайда, тіл тек саясатпен немесе заңмен ғана дамымайды. Тілді шынайы өмірде қолдану, оны күнделікті қарым-қатынаста сақтау – әр азаматтың парызы. Ана тіліміздің қадірін арттыру – тек мектептегі пән емес, бұл – отбасынан басталатын тәрбие, жүректен шығатын ықылас. Жастардың арасында шұбарланған тілмен сөйлеу жиілеп барады. Бұл – алаңдататын құбылыс. Ана тілін білу – тек міндет емес, бұл – ұлттық болмысқа, өз тамырыңа деген адалдық. Кез келген өркениетті ел ана тілін ардақ тұтады. Сондықтан қазақ жастары да өз тілін мақтан тұтып, оны жаңа биіктерге көтеруі керек. Қазақ тілі – мәңгілік елдің мәңгілік тілі болуға лайық. Тек біз – ұлт болашағы, осы тілдің бойтұмарындай сезініп, оны жүрегімізде мәңгі сақтасақ болғаны. Ана тілі – біздің болмысымыздың тірегі, өткеніміздің ізі, болашағымыздың шамшырағы. 11 «А» сынып оқушысы Есенбай Дидар Абуталипқызы

Пікірлер (6)

esenbai_didar_10

Керемет

Асанова Баян

Керемет жазылған

Асанова Баян

Дидар қызым қаламың ұштала берсін Елі сүйген, елінің мұң мұқтажын жеткізетін журналист бол ботам.

Айша

СУпер

Өте керемет????????

Куштыы

Назко

Өте кереметт куштыы????????

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз