Мамандықты дұрыс таңда,жас түлек
Мамандық — бұл адамның қалыпты өмірін жүзеге асырудың негізгі буыны.Мамандық таңдау кезінде сіз өзіңіздің қабілеттеріңізді, дағдыларыңызды, қызығушылықтарыңыз бен хоббилеріңізді ескеруіңіз керек. Қазір адамдардың көпшілігі ақша қуып жүр, оларға қалай ақша табу маңызды емес. Алайда, менің ойымша, әркім өзінің сүйікті ісімен айналысқысы келеді және сол істін артынан ерсе үлкен жетістікке жетері сөзсіз.
Қазіргі таңда мамандық таңдау қиынға соғып бара жатқандай. Көбісі өзі қаламаған салада грант үшін ғана оқитындар жетерлік. Ал кейбір жас түлек, біреудің кеңесімен түсіп, қаржылай оқитындар да бар. Барлығы демесек те жоғарғы оқу орнында оқитын түлектердің жартысы қаржылай оқиды. Оның ішінде амалсыздан немесе балл жетіспегендіктен өзі қаламаған мамандығына түскен түлектер. Бұл мемлекеттің қаржысы далаға кеткенмен теңдесек те болады. Осындай мамандықты дұрыс таңдамағаннан кейін, жарты түлек диплом бойынша жұмыс жасамайды екен. Бұл жағдай тек дұрыс мамандық таңдамаған түлектер де ғана емес, өзінің қалауы бойынша түскен түлектерде де кездесетін жайт. Мұндай жайт қазір өзекті мәселелердің бірі десек те болады. Мұны тоқтату мүмкін емес сияқты. Мысалы, мұғалімдер жас түлектерді алдын ала мамандық таңдауға дайындайды, түрлі колледж немесе жоғарғы оқу орындарын көрсетіп, экскурссия жасайды. Мектептерге де жас мамандар келіп, түрлі мамандақтарды таңдауға бағыт береді. Осындай мамандық таңдауға бірнеше жұмыстар алдын ала жасалып жатса да, түлектер сонда да қателесуде. Енді мұндай жағдайда не істеу керек?
Мамандық таңдау-өміріңдегі бір кірпішті дұрыс қалаумен тең. Егер бір кірпішті дұрыс қаламасаң, бәрі де құлайды деген сөз. Міне дәл солай мамандығыңды дұрыс таңдамаған жағдайда, ары қарай сен сол мамандық бойынша жұмыс істеп, жетістікке жете алмайсың. Мамандық таңдауда жас түлек өз ақыл-ойымен дұрыс шешім қабылдай білуі тиіс. Біреудің сөзімен, ата-анасының айтқан мамандығына түсетіндердің барлығы мамандықты дұрыс таңдамайды деп айтпаймын.Керісінше бізді өте жақсы білетін және болашақ мамандық туралы көптеген пайдалы нәрселер туралы кеңес бере алатын ата-аналардың пікірін ескеріп, ол кісілердін ой-пікірі арқылы өзімезге ұнайтын мамандықты таба алауға мүмкіндік туады.Бірақ та өмір жолына алғаш қадам басқалы отырған түлектің таңдауына еш шек қоюға болмайды. Ертең ол оқуды оқитын өздері, жұмыс жасайтын да өздері. Адам жұмысын жақсы көріп, шынайы ниетімен істеуі керек деген дегендей, сол мақсатта өзінің жан дүниесі қалаған мамандықты таңдауына еш кедергі тигізбеуіміз керек. Өзіңе ұнайтын іспен айналысу керемет істердің бірі емес пе? Өмірінің барлық болашағы адамның өзі таңдаған мамандыққа байланысты болуы мүмкін.Сенің құлауыңмен,сүрінуің,жоғарғы жетістікке жету жолын-мамандығына байланысып келеді. Мамандықты сүйіспеншілікпен таңдау керек. Қандай мамандық,сала болсын ол іс саған әрқашанда қуаныш, қанағат әкелуі керек, сонда ғана ол нәтижелі және сәтті болады. Біз өз өмірімізді өз қолымызбен жасайтынымызды және оның қандай болатынын мәнін өзімізден екенін түсінуіміз керек.Сондықтанда мамандық таңдау біз үшін маңызды мәселе екенін ұғынуымыз қажет. Түлектің алдында тұрған осындай маңызды мәселені дұрыс таңдауы қоғамға өзінің бір үлкен үлесін қосқанмен бірдей. Сол үшін де, жас түлектер қолымыздан келгенше дұрыс мамандық таңдауға тырысайық. Бұл біз үшін алдағы өмірімізге деген жауапты істердің бірі.
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі