Күніңіз қалай өтеді? Болашақта не күтіп тұр? Осы сынды сұрақтарға жауап іздеген адамдар жұлдызнамаға жүгінуді әдетке айналдырған. Шын мәнінде, жұлдызнама адамның көңіл-күйі мен өмір салтына белгілі бір деңгейде әсер ететіні рас.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, адамның өмірге келген күні мен сол күнгі аспандағы жұлдыздардың орналасуы оның мінез-құлқы мен темпераментінің шамамен 32 пайызын сипаттай алады. Астрологиялық тұрғыдан алғанда, жалпы 12 зодиак белгісі бар және олар жылдың он екі айына сәйкес бөлінген. Бұл белгілердің әрқайсысының өзіндік психологиялық сипаттамасы бар.
Мысалы, тоқты, арыстан, сарышаян және мерген зодиак белгілерінің өкілдері көбінесе холерик темпераментіне жатады. Олар – көшбасшылық қабілеті жоғары, ашушаң, қызуқанды болып келеді. Ал торпақ, бикеш және тауешкі зодиактары – керісінше, сабырлы, ұқыпты, эмоциясын сыртқа көп шығара бермейтін флегматик немесе меланхолик типіне бейім.
Көріп отырғаныңыздай, әр адамның болмысы ерекше. Астрологиялық жұлдызнама осы ерекшеліктерді танып-білуге мүмкіндік береді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек:
• Наурыз бен шілде айларында туған жандардың арасында ашушаң, көшбасшылыққа бейім адамдар көптеп кездеседі.
• Қараша мен желтоқсанда дүниеге келген жандар көбіне сабырлы көрінгенімен, бір ашуланса, өз эмоциясын ұстай алмайтын тік мінезді болады.
Астрологияда жұлдызнама тек болжау ғана емес, адамның өзін тануына да көмектесетін құрал ретінде қарастырылады. Аптаның немесе айдың белгілі бір күндерінде адамдар үшін сәттілік, маңызды шешімдерден аулақ болу немесе тынығу қажеттігі туралы ұсыныстар беріледі. Дегенмен, бұл – ғылыми дәлелденген аксиома емес, тек сенім мен қызығушылыққа негізделген болжамдар. Болашақта не боларын ешкім дөп басып айта алмайды. Бірақ өзіңнің мінез-құлқыңды, ішкі темпераментіңді дұрыс танысаң – қай сәтте қандай әрекеттен бойыңды аулақ ұстау керектігін түсініп, өмір жолыңды тиімді бағыттай аласың.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жидебай Айзада
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі