Тіл деген ұғым – бір ұлттың болмысы мен болашағы. Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Халық болып қалу үшін тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Тіл өшсе, ел де өшеді.
Қазақстанда қазіргі таңда қазақтардың үлесі – 67%. Одан бөлек, елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Бірақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақтың тілі – қазақтың жаны.
Тіл – тек өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын ең маңызды құрал. Қазақ тілінің құдіретін қанша сөзбен сипаттасақ та, оны толық жеткізу мүмкін емес. Кезінде талай ғалымдар, жазушылар мен зерттеушілер қазақ тілінің бай әрі көркем екенін айтқан болатын.
Солардың бірі – Мелиоранский:
«Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тіл» – деген екен.
Қазақтар – шешендік пен көркем сөйлеудің хас шебері. Қазақтың халық әдебиеті де аса бай әрі жан-жақты дамыған. Расымен де, қазақ тілі сүбелі сөзге, мақал-мәтелге, шешендік өнерге бай.
Ана тіліңмен қатар басқа халықтың тілін білу – өзге тілге көштің деген сөз емес. Бұл – адамның өз-өзін дамытуының, көкжиегін кеңейтудің бір жолы.
Біздің осы алтын мұрамыз – ана тілімізді сақтау жолы – отбасында өз ана тілімізде сөйлеп, ойымызды, арманымызды, жоспарымызды қазақ тілінде жеткізуден басталады.
Әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына кіру жолында басты себептердің бірі – мәдениетіміз, тарихымыз және тіліміз екенін ұмытпайық. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің абыройын асқақтатуға тиіспіз. Бұл – біздің ең басты азаматтық парызымыз.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Болысбек Қаракөз
Менсулу
Жарайсын сендей кыздарымыз кобейсин казак тилин дариптейтин
Менсулу
Жарайсын
Инкар
Тіл туралы мақалаға толықтай келісемін күшті
Ерка
Өте керемет жазылған мақала????????????
Аяна
Оте Жаксы, ари тусиниксиз жазылган????